Accessibility links

Егемен Қазақcтан СССР-ді қайтіп сақтап қалмақ болды?

"Социалистік Қазақстан" газетінің 1991 жылы 19 наурыздағы санында жарық көрген мақала.
"Социалистік Қазақстан" газетінің 1991 жылы 19 наурыздағы санында жарық көрген мақала.

«Қазақ ССР-інің егемендігі жайлы» декларация қабылдағанына бес ай толмай жатып Қазақстан 1991 жылғы наурыз референдумында СССР-ді сақтап қалуды қолдады. Сол кездегі билік «референдумсыз да Одақты қолдаймыз» деген ұстанымда болса, ресми баспасөз «иә» дегенді қалдырып, «жоқ» дегенді сызып тастайық, ағайын» деп ұрандатты.

28 жыл бұрын наурызда Қазақстанда өткен референдум бюллетенінде «Сіз ССР Одағын тең праволы егеменді мемлекеттердің Одағы ретінде сақтау қажет деп санайсыз ба» деген сұрақ қойылып, «иә» және «жоқ» деген екі жауап көрсетілген.

РЕФЕРЕНДУМ СҰРАҒЫНЫҢ ДАУЫ

1991 жылдың бас кезіндегі баспасөзде жарық көрген ресми ақпаратқа қарағанда, СССР-ді сақтап қалу керек пе, жоқ па деген мәселе бойынша бүкілодақтық референдум өткізу даулы мәселелердің бірі болғанға ұқсайды. ​

СССР-ді сақтап қалу туралы референдум өткізу шешімі қабылданған соң Қазақстанның ресми баспасөзі «иә» дегенді қалдырып, «жоқ» дегенді сызып тастайық, ағайын» деген ұран тастады.

Қазақстандық баспасөз бетінен «референдум өткізу және онда қандай сұрақ қою мәселесі одақтас республикалардың парламенттерімен алдын ала келісілмеді» деген ақпарат жиі кездеседі.

Референдум алдында кейбір басылымдар «Мұны өткізудің Қазақстанға не керегі бар, іргемізді аулақ салатын күн туған жоқ қой» дейтін пікірлер белең алды» деп жазады.

Референдум мәселесі СССР Жоғарғы Кеңесінің 4-съезінде көтерілген еді. СССР Жоғары Кеңесі референдум кезінде азаматтарға «Сіз Советтік социалистік республикалар одағын тең праволы егеменді республикалардың қандай да болсын ұлт адамының праволары мен бостандықтарына толық дәрежеде кепілдік берілетін жаңарған федерациясы ретінде сақтауды қажет деп санайсыз ба?» деген сұрақ қою туралы шешім қабылдаған.

«Социалистік Қазақстан» газеті бұл туралы «Тең егеменді республикалардың жаңарған одағы деген не, одақтың жаңарғанын қайдан білеміз? Ұлт адамының праволары мен бостандықтарына толық дәрежеде кепілдік беретін федерация дегенді не үшін қосқан? Алыстан орағытатын сұрақтың жауабын құптау мойынды 73 жыл қажаған қамытты қайта кигізбей ме?» деп жазды.

СССР Жоғарғы Кеңесінің ұсынысымен Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесі келіспей, референдумға шығаратын сұрақты «Сіз ССР Одағын тең праволы егеменді мемлекеттердің Одағы ретінде сақтау қажет деп санайсыз ба?» деп қоюды ұйғарды.

Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен СССР президенті Михаил Горбачев қол алысып тұр. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.
Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен СССР президенті Михаил Горбачев қол алысып тұр. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.

Мұны Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі төрағасының орынбасары Ерік Асанбаев та «Социалистік Қазақстан» газетіне берген сұхбатында растап, «референдумға Қазақстан өз егемендігіне нұқсан келтірмейтіндей сұрақты ғана шығаратынын және Одақты сақтауды қолдайтынын» мәлімдеді. Алайда, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі бекіткен сұраққа депуттардың тоғыз пайызы қарсы шығып, олар СССР Жоғарғы Кеңесі бекіткен нұсқаны қолдаған.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің референдум сұрағын өзгерткенін «сепаратистік пиғыл» деп санаушылар да болған. Референдум өтерден 15 күн бұрын Мәскеуде орталық телеарнаның тікелей эфиріне шыққан Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан парламенті одақтық референдум сұрағын өз бетінше сеператистік жолмен өзгертті. Осы дұрыс па?» деген сұрақ қойылды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл сауалға:

«Республика халқы Одақты сақтау жағында болғандықтан Халық депутаттарының 4-съезіне дейін республика жұрты, соның ішінде мен де мұндай референдум өткізудің қажеттілігі жоқ деп санадық. Республиканың егемендігі туралы қабылданған Декларацияда да Қазақстан мен оның көп ұлтты халқы еліміздің бірлігін сақтауды қолдап, Одақты жақтайтыны нақты тұжырымдалған. Референдум өткізуге біз қарсы болдық, мен қазір де оны түрлі проблемалар, мәселелер туындап, көзқарасты айқындау қажет болып отырған республикаларда өткізу керек еді деп санаймын» деп жауап берді.

"Социалистік Қазақстан" газетінің алғашқы беті. 5 наурыз 1991 жыл.
"Социалистік Қазақстан" газетінің алғашқы беті. 5 наурыз 1991 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев «көзқарасты айқындау қажет болып отырған республикалар» деген сөзді сол кезде СССР құрамынан шығатынын мәлімдеп қойған Балтық жағалауындағы үш республикаға қарата айтқан еді. Оны «Социалистік Қазақстан» газетінде «Қазір жұрттың бәрін Одаққа арқандап сүйреудің қажеті жоқ» деген сұхбатында нақтылап айтады.

«ОДАҒЫМЫЗДЫҢ ТАҒДЫРЫ – ОРТАҚ ТАҒДЫРЫМЫЗ»

СССР-ді сақтап қалу туралы референдум өткізу шешімі қабылданған соң Қазақстанның ресми баспасөзі «иә» дегенді қалдырып, «жоқ» дегенді сызып тастайық, ағайын» деген ұран тастады. Республикалық «Казахстанская правда», «Социалистік Қазақстан» газеттері бұл жағынан үндес шықты. «Социалистік Қазақстан» газеті наурыздың 16-сында «Одағымыздың тағдыры – ортақ тағдырымыз» деп жұртты референдумға үндеді.

"Социалистік Қазақстан" газетінің алғашқы беті. 16 наурыз 1991 жыл.
"Социалистік Қазақстан" газетінің алғашқы беті. 16 наурыз 1991 жыл.

«Коммунистер ынтымақтастықты жақтайды» деген үндеуде «Біз коммунистер елдің күші ынтымақ пен бірлікте, өзара түсінушілікте деп білеміз. Мен бұл орайда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған ССРО одағын тең праволы егеменді мемлекетердің одағы ретінде сақтау жөніндегі тұжырымы жақсы нұсқа екенін айтқым келеді» деген жолдар бар.

«Онсыз да Одақты қолдаймыз» деген үндеуде «Кейбір одақтас республикалар болмаса, Қазақстан осы референдум өткізуге қаржы жұмсап, алаөкпе болудың қажеті жоқ еді» деп жазылған.

«Социалистік Қазақстан» газеті референдумға бес күн қалғанда «Одаққа балама жоқ» деген тақырыппен белгілі заңгер Ғайрат Сапарғалиевпен сұхбаттасқан. Одақтың сақталуын қолдаған заңгер «Қазір егемендік алуымызға байланысты республиканың алдында зор мүмкіндіктер ашылып отыр. Оны жүзеге асыру үшін одақ сақталуы керек. Республикалар өз мақсат-мүддесін жеке-жеке жүзеге асыра алмайды» деп жауап берген. Ғайрат Сапарғалиев арада екі жыл өтпей-ақ тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституциясын жасаушылардың біріне айналды.

«РЕФЕРЕНДУМ – ОДАҚТЫҢ ҚУЛЫҒЫ»

Республикалық басылымдардың кейбірі референдум жайлы балама пікір ұсынғаны да байқалды. Референдум қарсаңында «Қазақ әдебиеті» газеті композитор Еркеғали Рахмадиевтің «Мен СССР дегенге қарсымын» деген пікірін жариялады.

«Референдум дәл қазіргі күйінде және дәл бүгінде халықты алдау болып отыр. Бұл - республикалар егемендігіне қысым жасау. Егер Одақ үшін дауыс берсек, онда өзіміз қабылдаған егемендікті, тәуелсіздікті өз қолымызбен құрбандыққа шалдық деген сөз» деген ол.

1990 жылдардың басында республиканың саяси өміріне белсенді араласқан «Азат» қозғалысының тең төрағасы Сәбетқазы Ақатаев референдум сұрағына СССР Жоғарғы Кеңесі бекіткен сауал жазылуы да мүмкін деп қауіптеніп:

"Лениншіл жас" газетінің алғашқы беті. 16 наурыз 1991 жыл.
"Лениншіл жас" газетінің алғашқы беті. 16 наурыз 1991 жыл.

«Егер олай болса «жоқ» деп, Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесі бекіткен «егеменді мемлекеттердің одағы ретінде ССРО-ны сақтап қалу қажет деп есептейсіз бе» деген сауал болса, «иә» деп жауап бер» деп үндеген.

Референдумға шақырғандардың арасында «СССР-ді сақтап қалу дегенде жаңарған, тең құқылы республикалар одағы деп түсіну керек» деген пікірлер жиі айтылған еді. Оған қарсылар «жаңарған одақтың шартын білмесек, оған әлі қол қойылмаса, қалай қолдаймыз» деген ұстанымда болды. Өйткені «Егеменді республикалар Одағы туралы Шарттың» жобасы референдумға небәрі бір апта қалғанда жарияланған болатын.

Сондықтан референдумға қарсылар «Одақтық шартқа қол қойылмай жатып референдум өткізу – өте асығыс шаруа және үлкен қателік. Референдум өткізу - Одақтың қулығы емес пе? Қалай болғанда референдум – Орталықтың пайдасына шешіледі» деген пікірде болғаны байқалды.

«Лениншіл жас» (қазір «Жас Алаш») газеті «Желтоқсан» ұлттық демократиялық партиясының төрағасы Хасен Қожа-Ахметтің ешбір одақты қолдамай, «Желтоқсан партиясы Қазақстанның толық тәуелсіздігі үшін күрес жүргізе береді» деген пікірін жариялады.

Сол кездегі Социал-демократтар партиясының төрағасы Дос Көшім референдумды «ыдырай бастаған империяны сақтап қалу үшін жасалған саяси акция» деп бағалады. Ол референдум сұрағына ұсынылған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің нұсқасы да, СССР Жоғарғы Кеңесінің нұсқасы да мағынасы өзгергенімен, бағыты бір сұрақ деп санады.

«Сондықтан партия мүшелерінің көпшілігі референдум қағазын алып, «осындай түсініксіз заманда өмір сүріп едік» деп болашаққа көрсету үшін үйлеріне апарып сақтап қоймақ» деген Дос Көшім «Лениншіл жастың» 1991 жылғы наурыздың 16-сы күнгі санында.

«ҚАЗАҚСТАНДЫ ГКЧП ҚҰТҚАРДЫ»

Азаттық тілшісі сарапшыларға «Референдум өткеннен әрі қарайғы саяси процестер қандай болды?» деген сұрақ қойып көрді. Саясаткер Дос Көшім бір кездері өзі сақтап қоймақ болған референдум қағазын тауып бере алмады.

- Референдумнан кейін СССР-дің жаңа одақтық шартын қабылдау мәселесі анда-санда сөз болды. Бірақ «Тамыз бүлігінен» кейін референдум нәтижесі де, жаңа Одақтық шарт та жайына қалды, - дейді ол.

Саясаттанушы Дос Көшім.
Саясаттанушы Дос Көшім.

1991 жылы Мәскеудегі қызметінен Қазақстанға оралып, Қазақ ССР жоғары кеңесінің депутаты болған Серікболсын Әбділдин Дос Көшімнің пікірін растайды.

- Референдум сұрағын қалай өзгертсе де, мағынасы бір еді. Балтық бойындағы үш республиканы Одақтан шығармау үшін ұйымдастырды. Бірақ олар референдумға да қатыспады. Ал Қазақстанды Одақтан «Тамыз бүлігі» құтқарды, әрі қарай тәуелсіздікке бір-ақ қадам еді, - дейді ол.

Қазақстанда бүкілодақтық референдум саяси жанжалсыз өтті. Дауыс бергендердің «94,1 пайызы СССР-ді сақтап қалуды қолдағаны» хабарланды. Сайлау қорытындысы жайлы ресми баспасөз «Қазақстандықтар Одақты жақтады» деген бас мақала жарияласа, кейбір басылымдар қысқаша ақпарат қана таратты.

Референдум басқа одақтас республикалардың кейбірінде саяси тартысқа ұласты.

Совет одағының басшысы Михаил Горбачев одақты сақтап қалу бойынша референдумда дауыс беріп тұр. Наурыз айы, 1991 жыл.
Совет одағының басшысы Михаил Горбачев одақты сақтап қалу бойынша референдумда дауыс беріп тұр. Наурыз айы, 1991 жыл.

Молдова мен Грузияда дауыс беру орындары әскери бөлімдерде, қарсы күштердің қоршауында өтті. Грузия парламенті наурыздың 31-іне өз референдумын белгіледі. Грузия парламентінің басшысы Звиад Гамсахурдиа «тәуелсіз Грузияның болашағы үшін дауыс бергендер оның азаматы болу және меншікке жер алу құқығына ие болатынын» мәлімдеді.

Бүкілодақтық референдумнан соң алты айдан кейін, 1991 жылғы тамыздың 19-ында КПСС Орталық Комитеті мен СССР үкіметінің сегіз мүшесінен құралған топ төтенше жағдай жариялап, билікті қолға алған мәлімдеген. Үш күнге созылған саяси текетірестен соң Михаил Горбачев билікке қайта оралған. Тарихта «Тамыз бүлігі» деген атпен қалған оқиға кезінде Қазақстан басшылығы екіұшты позиция ұстанған еді.

«Тамыз бүлігінен» соң бір айға жетпей СССР Мемлекеттік кеңесі Балтық жағалауындағы үш республика – Латвия, Литва және Эстонияның тәуелсіздігін ресми түрде мойындады. Оның ізінше басқа республикалар да тәуелсіздік жариялай бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 8-інде Беларусьтің Брест қаласы маңайындағы Беловежье тоғайына Ресей, Украина мен Беларусь республикаларының басшылары жиналып Совет Одағын таратты.

Бір аптадан кейін, бұрынғы одақтас республикалардың ең соңғысы болып Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы конституциялық заң қабылдады. Республикалық баспасөздің кейбірі тәуелсіздікке «ақ түйенің қарыны жарылды» деп қуанса, кейбірі кезекті саяси оқиғаның бірі ретінде қысқаша хабар таратты да қойды.

Империяның ыдырауы

1979 жылғы маусым айы. Рим папасы екінші Иоан Павел Отаны Польшаға сапармен келді. Папаны миллиондаға адам қарсы алды. Папа сөзінде Польшаның коммунистік билігін тікелей сынамағанымен, көпшілік алдындағы уағыздарында азаматтардың «ажырамас» құқықтары туралы айтып, билік режиміне наразылардың рухын көтерді. Бірнеше айдан кейін Гданьскіде құрылған антикоммунистік «Солидарность» кәсіподағы құрамына бір жыл ішінде 10 миллионға жуық адам өткен.
1/16 1979 жылғы маусым айы. Рим папасы екінші Иоан Павел Отаны Польшаға сапармен келді. Папаны миллиондаға адам қарсы алды. Папа сөзінде Польшаның коммунистік билігін тікелей сынамағанымен, көпшілік алдындағы уағыздарында азаматтардың «ажырамас» құқықтары туралы айтып, билік режиміне наразылардың рухын көтерді. Бірнеше айдан кейін Гданьскіде құрылған антикоммунистік «Солидарность» кәсіподағы құрамына бір жыл ішінде 10 миллионға жуық адам өткен.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1983 жылғы қыркүйек. АҚШ-тан Сеулге ұшып бара жатқан Оңтүстік Кореяның Korean Airlines әуе компаниясының Boeing-747 жолаушылар ұшағы бағытынан ауытқып СССР әуе кеңістігіне кіріп кеткен. Оны шпиондық мақсатпен келген америкалық ұшаққа жорыған совет басшылығы дереу әуеге әскери ұшақтарын көтерген. Әуеде бірнеше рет ескерту жасап оқ атқаннан кейін совет әуе күштерінің Су-15 ұшағы Оңтүстік Кореяның жолаушылар ұшағын зымыранмен атып түсірген. Boeing-747 сынықтары мұхитқа құлап, ұшақта болған жолаушылар мен экипаж мүшелері – 269 адам түгел қаза тапқан. Суретте: Оңтүстік Корея прокуратурасы қызметкерлері әуеде атып түсірілген жолаушылар ұшағының сынықтарын зерттеп жатыр.
2/16 1983 жылғы қыркүйек. АҚШ-тан Сеулге ұшып бара жатқан Оңтүстік Кореяның Korean Airlines әуе компаниясының Boeing-747 жолаушылар ұшағы бағытынан ауытқып СССР әуе кеңістігіне кіріп кеткен. Оны шпиондық мақсатпен келген америкалық ұшаққа жорыған совет басшылығы дереу әуеге әскери ұшақтарын көтерген. Әуеде бірнеше рет ескерту жасап оқ атқаннан кейін совет әуе күштерінің Су-15 ұшағы Оңтүстік Кореяның жолаушылар ұшағын зымыранмен атып түсірген. Boeing-747 сынықтары мұхитқа құлап, ұшақта болған жолаушылар мен экипаж мүшелері – 269 адам түгел қаза тапқан. Суретте: Оңтүстік Корея прокуратурасы қызметкерлері әуеде атып түсірілген жолаушылар ұшағының сынықтарын зерттеп жатыр.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1985 жылғы наурыз. Михаил Горбачев Совет одағы коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы болып сайланды. Жаңа басшы бұрынғыдан ашық әрі бейбітсүйгіш сыртқы саясат жүргізуге және ел ішінде маңызды өзгерістер жасауға уәде етеді. Совет басшылары мұндай мәлімдемелерді бұрын да жасап келген, бірақ бұл олардан өзгеше екені аңғарылды. Суретте: Михаил Горбачев пен АҚШ президенті Рональд Рейган алғашқы кездесулердің бірінде қол алысып тұр.
3/16 1985 жылғы наурыз. Михаил Горбачев Совет одағы коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы болып сайланды. Жаңа басшы бұрынғыдан ашық әрі бейбітсүйгіш сыртқы саясат жүргізуге және ел ішінде маңызды өзгерістер жасауға уәде етеді. Совет басшылары мұндай мәлімдемелерді бұрын да жасап келген, бірақ бұл олардан өзгеше екені аңғарылды. Суретте: Михаил Горбачев пен АҚШ президенті Рональд Рейган алғашқы кездесулердің бірінде қол алысып тұр.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1986 жыл: әлемде мұнай баррелінің бағасы 27 доллардан 10 долларға құлдырап кетті. Нәтижесінде СССР әлемдегі өз саттелиттеріне бұрынғысынша қаржыдан жомарттық танытуды доғаруға мәжбүр болды.
4/16 1986 жыл: әлемде мұнай баррелінің бағасы 27 доллардан 10 долларға құлдырап кетті. Нәтижесінде СССР әлемдегі өз саттелиттеріне бұрынғысынша қаржыдан жомарттық танытуды доғаруға мәжбүр болды.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1986 жылғы сәуір. Киев маңындағы Чернобыль атом электр станциясында апат болды. Горбачевтің жариялылық саясатына қарамастан, советтік режим ескі әдеттен құтылуға асықпайды. Еуропада жауған радиоактивті жаңбырған кейін халықаралық қауымдастық дабыл қақпайынша, Кремль билігі апаттың шынайы көлемі туралы тіс жармай отырды.
5/16 1986 жылғы сәуір. Киев маңындағы Чернобыль атом электр станциясында апат болды. Горбачевтің жариялылық саясатына қарамастан, советтік режим ескі әдеттен құтылуға асықпайды. Еуропада жауған радиоактивті жаңбырған кейін халықаралық қауымдастық дабыл қақпайынша, Кремль билігі апаттың шынайы көлемі туралы тіс жармай отырды.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1986 жылғы желтоқсанның 16-ы мен 17-сі күндері Алматыдағы орталық алаңға шыққан қазақ жастары Қазақ ССР-і басшылығынан босатылған Дінмұхаммед Қонаевтың орнына Геннадий Колбинді жіберген Мәскеудің кадр саясатына қарсылық танытты. Жастар толқуын арнайы әскери бөлімшелер аяусыз басып-жаншыды. Жазалау бірнеше айға жалғасты: шеруге қатысқан жүздеген адам жоғары оқу орындарынан шығарылды, жұмыстан қуылды, оншақты адам ұзақ мерзімге сотталды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тарихқа Кремль басшылығына Михаил Горбачев келіп, қайта құру және жариялылық саясатын жүргізетінін мәлімдегеннен кейін СССР-де болған ең алғашқы жаппай саяси шерулердің бірі ретінде енді.
6/16 1986 жылғы желтоқсанның 16-ы мен 17-сі күндері Алматыдағы орталық алаңға шыққан қазақ жастары Қазақ ССР-і басшылығынан босатылған Дінмұхаммед Қонаевтың орнына Геннадий Колбинді жіберген Мәскеудің кадр саясатына қарсылық танытты. Жастар толқуын арнайы әскери бөлімшелер аяусыз басып-жаншыды. Жазалау бірнеше айға жалғасты: шеруге қатысқан жүздеген адам жоғары оқу орындарынан шығарылды, жұмыстан қуылды, оншақты адам ұзақ мерзімге сотталды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тарихқа Кремль басшылығына Михаил Горбачев келіп, қайта құру және жариялылық саясатын жүргізетінін мәлімдегеннен кейін СССР-де болған ең алғашқы жаппай саяси шерулердің бірі ретінде енді.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1987 жылғы мамыр. Таныстары арасында өзгеше мінезімен танылған Матиас Руст есімді германиялық жас жігіт жалға алған жеңіл моторлы «Сессна» ұшағына мініп, адам сенгісіз әуе сапарын жасайды. Хельсинкиден әуеге көтерілген ол совет шекарасын бетке алып ұшады. Совет әскери ұшақтары мен әуе қорғанысы радарларының назарына ілінбей шекарадан асқан жеңіл ұшақ Мәскеуге жетіп, Қызыл алаңға қонды. Кейін Руст өзінің Горбачевпен кездесіп, әлемдегі бейбітшілік туралы сөйлеспекші болғанын айтқан. СССР қарулы күштері басшылығын масқараға қалдырған бұл оқиғаны совет басшысы консервативтік көзқарастағы генералдар мен саясаткерлерден құтылу үшін пайдаланады.
7/16 1987 жылғы мамыр. Таныстары арасында өзгеше мінезімен танылған Матиас Руст есімді германиялық жас жігіт жалға алған жеңіл моторлы «Сессна» ұшағына мініп, адам сенгісіз әуе сапарын жасайды. Хельсинкиден әуеге көтерілген ол совет шекарасын бетке алып ұшады. Совет әскери ұшақтары мен әуе қорғанысы радарларының назарына ілінбей шекарадан асқан жеңіл ұшақ Мәскеуге жетіп, Қызыл алаңға қонды. Кейін Руст өзінің Горбачевпен кездесіп, әлемдегі бейбітшілік туралы сөйлеспекші болғанын айтқан. СССР қарулы күштері басшылығын масқараға қалдырған бұл оқиғаны совет басшысы консервативтік көзқарастағы генералдар мен саясаткерлерден құтылу үшін пайдаланады.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1988 жылғы желтоқсан. Арменияда болған зілзала санаулы секундтар ішінде тұрғын кварталдарды жермен-жексен қылды. Сейсмикалық қауіпті аймақтарда салынатын үйлердің қабырғасы берік болуы үшін пайдаланылатын арнайы темір материалдарды бұған дейін ұрлап, «қара базарда» сатып жіберген. Зілзала салдарынан 30 мыңнан аса адам қаза тапқан.
8/16 1988 жылғы желтоқсан. Арменияда болған зілзала санаулы секундтар ішінде тұрғын кварталдарды жермен-жексен қылды. Сейсмикалық қауіпті аймақтарда салынатын үйлердің қабырғасы берік болуы үшін пайдаланылатын арнайы темір материалдарды бұған дейін ұрлап, «қара базарда» сатып жіберген. Зілзала салдарынан 30 мыңнан аса адам қаза тапқан.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1989 жылғы ақпан. Жергілікті коммунистік режим 9 жыл бойы арқа сүйеп келген совет әскері Ауғанстаннан шыға бастады. Оларды гүл және қошеметпен шығарып салғанына қарамастан, ауған соғысында совет әскері жеңіліс тапқанын жасыру мүмкін емес еді. Бұл соғыста 15 мың совет әскери қызметшісі қаза тауып, кейбір есептер бойынша, 1 миллионға дейін ауған азаматы құрбан болған.
9/16 1989 жылғы ақпан. Жергілікті коммунистік режим 9 жыл бойы арқа сүйеп келген совет әскері Ауғанстаннан шыға бастады. Оларды гүл және қошеметпен шығарып салғанына қарамастан, ауған соғысында совет әскері жеңіліс тапқанын жасыру мүмкін емес еді. Бұл соғыста 15 мың совет әскери қызметшісі қаза тауып, кейбір есептер бойынша, 1 миллионға дейін ауған азаматы құрбан болған.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1989 жылғы сәуір. Тбилисиде Грузия тәуелсіздігін қолдайтындар шеруін совет әскері көзден жас ағызатын газ шашып, сарбаз күректерімен ұрып таратты. Оқиға барысында 20 адам қаза болды, олардың бірі - 16 жастағы қызды ұрып-соғып өлтірген. 1989 жыл совет режимі үшін аса жайсыз болды: Шығыс Еуропадағы коммунистік билікке қарсы көтерілген халық толқулары нәтижесінде СССР сол аймақтағы сателлиттерінен айырылды.<br />
&nbsp;
10/16 1989 жылғы сәуір. Тбилисиде Грузия тәуелсіздігін қолдайтындар шеруін совет әскері көзден жас ағызатын газ шашып, сарбаз күректерімен ұрып таратты. Оқиға барысында 20 адам қаза болды, олардың бірі - 16 жастағы қызды ұрып-соғып өлтірген. 1989 жыл совет режимі үшін аса жайсыз болды: Шығыс Еуропадағы коммунистік билікке қарсы көтерілген халық толқулары нәтижесінде СССР сол аймақтағы сателлиттерінен айырылды.
 
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1989 жылғы қарашада Берлин қабырғасы құлатылды. ГДР режимі жоғарғы шенеуніктерінің бірі баспасөз мәслихаты кезінде айтқан сөзін Батыс Германиямен (ГФР) арадағы шекараның ашылатыны туралы хабар деп қабылдаған жұрт бірден Берлинді екіге бөліп тұрған қабырғаға қарай тартты. Шекарашылар халықтың жолын бөгемеді. 1961 жылдан бері тұрған қабырға бірнеше күннің ішінде жойылып, тек әр жерде болмашы жұрнақтары ғана қалды.
11/16 1989 жылғы қарашада Берлин қабырғасы құлатылды. ГДР режимі жоғарғы шенеуніктерінің бірі баспасөз мәслихаты кезінде айтқан сөзін Батыс Германиямен (ГФР) арадағы шекараның ашылатыны туралы хабар деп қабылдаған жұрт бірден Берлинді екіге бөліп тұрған қабырғаға қарай тартты. Шекарашылар халықтың жолын бөгемеді. 1961 жылдан бері тұрған қабырға бірнеше күннің ішінде жойылып, тек әр жерде болмашы жұрнақтары ғана қалды.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1989 жылғы желтоқсан. Румыниядағы Тимишоара қаласындағы наразылық шеруін үкімет күшпен басып, ондаған адам қаза тапқан соң ел астанасы Бухаресттің орталығында билік ұйымдастырған митингіге қатысушылар күтпеген жерден диктатор Николае Чаушескуге қарсылық білдіре бастады. Бухарестен тікұшақпен қашқан Чаушеску көп ұзамай қолға түскен. Әскери трибунал Румынияны ұзақ жылдар жеке-дара билеп-төстеген диктатор мен оның әйеліне қоса өлім жазасын шығарып, үкім дереу орындалған.
12/16 1989 жылғы желтоқсан. Румыниядағы Тимишоара қаласындағы наразылық шеруін үкімет күшпен басып, ондаған адам қаза тапқан соң ел астанасы Бухаресттің орталығында билік ұйымдастырған митингіге қатысушылар күтпеген жерден диктатор Николае Чаушескуге қарсылық білдіре бастады. Бухарестен тікұшақпен қашқан Чаушеску көп ұзамай қолға түскен. Әскери трибунал Румынияны ұзақ жылдар жеке-дара билеп-төстеген диктатор мен оның әйеліне қоса өлім жазасын шығарып, үкім дереу орындалған.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1990 жылғы қаңтар. Әзербайжанда армяндармен жанжалда 90-ға жуық адам қаза болған. Совет билігі &laquo;зорлық-зомбылықты тоқтату үшін&raquo; Бакуге әскер енгізген, алайда әскердің іс-әрекетінен 100-ден аса әзербайжандық қаза тапқан. Суретте: Бакуге әскер кіргенде қаза тапқандарды жерлеу рәсімі.
13/16 1990 жылғы қаңтар. Әзербайжанда армяндармен жанжалда 90-ға жуық адам қаза болған. Совет билігі «зорлық-зомбылықты тоқтату үшін» Бакуге әскер енгізген, алайда әскердің іс-әрекетінен 100-ден аса әзербайжандық қаза тапқан. Суретте: Бакуге әскер кіргенде қаза тапқандарды жерлеу рәсімі.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1991 жылғы қаңтар. Литва тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Кремль бұл елдің және Балтық теңізі жағалауындағы тағы екі мемлекеттің СССР құрамынан шығуына кедергі жасап бақты. Вильнюске совет әскері енгізілді. 13 адам қаза тапты.
14/16 1991 жылғы қаңтар. Литва тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Кремль бұл елдің және Балтық теңізі жағалауындағы тағы екі мемлекеттің СССР құрамынан шығуына кедергі жасап бақты. Вильнюске совет әскері енгізілді. 13 адам қаза тапты.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
1991 жылғы тамызда СССР өкіметі мен армия басшылығындағы бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Горбачев Қырымда үйқамаққа алынды, Ресей парламентінің ғимараты - &laquo;Ақ үйді&raquo; танкілер қоршады. Ельцин мен оның жақтастары путчке қарсылық ұйымдастырып, үш күннен кейін төңкеріс әрекеті сәтсіздікпен аяқталды. Горбачев Мәскеуге қайтып оралды, бірақ оның саяси беделіне оңалмас нұқсан келді.
15/16 1991 жылғы тамызда СССР өкіметі мен армия басшылығындағы бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Горбачев Қырымда үйқамаққа алынды, Ресей парламентінің ғимараты - «Ақ үйді» танкілер қоршады. Ельцин мен оның жақтастары путчке қарсылық ұйымдастырып, үш күннен кейін төңкеріс әрекеті сәтсіздікпен аяқталды. Горбачев Мәскеуге қайтып оралды, бірақ оның саяси беделіне оңалмас нұқсан келді.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
&nbsp;<br />
1991 жылғы желтоқсан. Михаил Горбачев СССР президенті қызметінен отставкаға кетті. Бұл кезде СССР мемлекеті өмір сүруін тоқтатқан еді. Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты (1990), өз елінен гөрі Батыста аса танымал тұлғаға айналған Горбачев соңғы сәтке дейін коммунистік жүйені реформалауға болады деп сенді. Бірақ ол бастаған өзгерістер бақылаудан тез шығып кеткен еді.
16/16  
1991 жылғы желтоқсан. Михаил Горбачев СССР президенті қызметінен отставкаға кетті. Бұл кезде СССР мемлекеті өмір сүруін тоқтатқан еді. Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты (1990), өз елінен гөрі Батыста аса танымал тұлғаға айналған Горбачев соңғы сәтке дейін коммунистік жүйені реформалауға болады деп сенді. Бірақ ол бастаған өзгерістер бақылаудан тез шығып кеткен еді.
1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина және Беларусь басшылары Совет одағының «дәурені аяқталғаны» туралы жариялады.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG