8 желтоқсанда Екібастұз билігі қалаға жылу толық берілді деп мәлімдеді. Алайда қарашаның аяғында жылусыз қалған қала тұрғындары үйі әлі суық екенін, су құбыры мен кәріз жүйесі жарылып жатқанын айтады.
Фото:Sania Toiken (RFE/RL)
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Қарашаның аяғында Екібастұздағы жылу орталығының қазандығы істен шығып, 150 мыңдай халқы бар қала аязда жылусыз қалған. 8 желтоқсан кешке жергілікті билік қалада 28 қарашада жарияланған төтенше жағдай режимі тоқтап, жылусыз қалған 230 үйге "жылу берілгенін" мәлімдеді. Бірақ кей тұрғындар әлі тоңып отырғанын, жылу құбыры жарылып жатқанын айтады.
Төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жедел штаб 8 желтоқсанда Екібастұз қаласына "жылу толық берілгенін" хабарлағанымен, екі мектеп, балабақша мен балалар үйін қосқанда оннан астам нысанның құбырын қайта жалғау үшін жылу беру уақытша тоқтайтынын айтты. Дегенмен тұрғындардың кейбірі үйінің әлі де суық екенін, су құбырының жарылуы тоқтамай отырғанын айтады. Жергілікті белсенділер Екібастұз жылу жүйесіндегі апат қаланың инфрақұрылымы қараусыз қалғанын көрсетті деп санайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Екібастұздағы төтенше жағдайға осы саладағы жүйелі түрде жалғасып келе жатқан жемқорлық себеп дейді.
Азаттық тілшілері Екібастұз тұрғындары жылусыз қалған қалаға бір аптадан соң қайта барып, халықтың жағдайымен танысқан еді.
Азаттықтың түсірілім тобы 5 желтоқсанда Екібастұзға қас қарая жеткен еді. Кеш бата бет қаритын шыңылтыр аяз одан сайын күшейе бастаған, бірақ жылусыз қалған жергілікті тұрғындардың қозғалысы тоқтамаған. Қала орталығындағы МәшҺүр Жүсіп Көпеев және Қаныш Сәтбаев көшелеріндегі үйлердің маңы абыр-сабыр. Жағдайдан хабарыңыз жоқ болса, алыстан жанған оттарды көріп, әлдебір іс-шара өтіп жатыр деп ойлап қалуыңыз әбден мүмкін. Бірақ от маңында жүрген жұрт судан қатқан аяқ киімін кептіріп, бірі жылу батереяларын, құбырларды қатқан мұздан аршуға тырысып жүр.
– Етігімізді жылытып жатырмыз. Қазір осыны киіп алып жұмысқа қайта кірісеміз, – деп түсіндірді қолындағы саптама, киіз етіктерді жалынға ет қақтағандай аударып-төңкеріп отырған мұртты ер адам. – Осы жүріс таңғы бес-алтыға дейін созылады. Содан соң жұмысқа кетеміз. Қайтеміз, үйімізді құтқаруымыз керек.
Олег Дикач өзі тұратын көпқабатты үйге жылу 6 желтоқсанда берілгенін, бірақ жылу батереялары мен су құбырлары жарылған пәтері әлі суық екенін айтады. Ол үй ішіндегі шылапшынға қатқан мұзды көрсетіп тұр. Екібастұз, Павлодар облысы, 6 желтоқсан 2022 жыл.
Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі көпқабатты бір үйдің жертөлесінен айғайлаған дауыстар естіледі. Ішінде маңдайына шам байлаған бірнеше адам жүр екен. Ол жерде де аяқ киімін ауыстырып, резеңке етік киіп жатыр. Бұл адамдар үйдің астында жарылып, су кетіп жатқан ескі құбырды ауыстырудың қамын жасап жатыр.
– Мына аязда осындай резеңке етікті киіп, жертөленің түпкіріне дейін барамыз. Мен [құбыр ауыстыруға] көмектесіп жатырмын. Алмастыратын құбыр мен қажетті жабықтарды тұрғындардың өздері сатып әкеліп беріп жатыр, – деді аты-жөнін айтқысы келмеген жас жігіт.
Жарылып, тесілген ескі құбырды ауыстырып жатқан жұмысшылар. Екібастұз қаласы, 6 желтоқсан 2022 жыл.
Жертөленің есік жағына суға толыпты. Адамдар кіріп-шығып жатқан аядай тар терезеден біз де кептеліп барып ішке кірдік. Айнала тартылған айқұш-ұйқыш сым мен құбырдан аяқ алып жүру қиын. Арғы жағында су ағып жатқан құбырлар мен көлшік байқалады. Арнайы аяқ киіміміз болмаған соң амалсыз кері қайттық.
– Ойбай, батареям жарылды, жатын бөлмені су басып жатыр! – деген әйелдің ышқынған дауысы естілді.
"Бағила Кәрімбаевамын, осы қаланың байырғы тұрғынымын" деп ол бізге өзін таныстырды. Бағиланың пәтері тоғызыншы қабатта екен. Жағдайын сұрап едік, "барып көріңдер" деп қолын бір сілтеді. Жылусыз қалған қалада жұрт жаппай электр жылытқыш қосқандықтан, электр желісі де шыдас бермей, жарық жиі сөніп қалады, көпқабатты үйлерде лифт істемейді. Тоғызыншы қабатқа жаяу көтерілдік.
Туыстары батареяның әр жерінен пайда болған тесіктерден аққан суды ыдыстарға құйып алып, тасып төгіп жатыр. Бағиланың пәтеріне қымбат жөндеу жұмыстары жасалғанына көп уақыт бола қоймағаны байқалады.
– Әкімдігі бар, үкіметі бар бәрі өтірік айтады. Оларға тек есеп берсе болды. Ал шын мәніндегі жағдай – осы. Жалған ақпарат бергенше, жұмысты дұрыс ұйымдастырмай ма?! – деді Бағила Кәрімбаева күйініп.
Тұрғын үйдегі пәтердің жарылған жылу батареясын ауыстырып жатқан адамдар. Екібастұз, Павлодар облысы, 6 желтоқсан 2022 жыл.
Онымен іргелес тұратын зейнеткер Уәсилям Ермакованың үйіне де бас сұқтық. "Он күннен бері жылусыз, сусыз отырмыз" дейді тоқсаннан асқан кәрі шешесін бағып отырған ол. Қария қозғала алмайды, үстіне қалыңдап жапқан көрпенің астында қимылсыз жатыр.
– Көп киімді қабаттап киініп, осылай жүремін. Бірнеше жылытқыш қосамыз. Пайдасы жоқ, жарық сөніп қалады. Арасында батереядан ағып жатқан суға жүгіремін, – деді зейнеткер.
Қалада жылусыз қалған әр үйдегі көрініс осындай. Журналистер келгенін естіп бірнеше адам есік алдына жинала қалды. Әрқайсысы пәтерін көрсетуге ұмтылды. Ондағысы – "сенбесеңдер, өздерің көріп, көз жеткізіңдер" дегені.
Жергілікті жылу орталығындағы апат салдарынан аязды күні үйі суып абыржыған тұрғындарға су құбыры жарылып, кәріз жүйесінің істен шығуы жығылған үстіне жұдырық болып тиді. Екібастұз, Павлодар облысы, 6 желтоқсан 2022 жыл.
– Мен биліктен ешнәрсе сұрамаймын. Тек кәріз құбырының жұмысын реттеп, су мен жылу берсе болды. Өз үйімізге өзіміз кіре алмай жүрміз. Әжет қысса баратын жер жоқ. Біздің қасымызда жүре алмайтын әже тұрады, қазір оның қандай күйде жатқанын ойлай беріңіз, – деді суықтан дірдектеген Қаламқас Қабдырахманова.
Оның сөзін аяздан қызарған мұрнын уқалап, көзіндегі жасын тыя алмаған көршісі Гүлнәр жалғады.
– Үш баламды сіңлімнің үйіне апарып тастадым. Аядай тар бір бөлмеде олардың бала-шағасымен үймелесіп отырмыз. Оның үйі де салқын, батареясы жылымшы болып тұр. Кіші қызым екі жаста. Әбден күйісіміз кетті. Шарасыздықтан жылап-сықтап аламын. Қашан жасайды, неге бізді мұндай жағдайға түсірді? – дейді ол налып.
Екібастұздың жылу жүйесіндегі апаттан зардап шеккен тұрғындарының көбі шығынға ұшыраған. Кейбір үйлер даладағы және жертөледегі су құбырларын толық өз күшімен ауыстырып шыққанын айтады.
"ШЫҒЫНЫМЫЗДЫ КІМ ӨТЕЙДІ?"
Мамандығы мейірбике Сағира Исламқұлова Азаттық тілшісімен әңгіме кезінде көз жасын тыя алмады.
– Біз далада қалғандай күй кешіп отырмыз. Жұрттың бәрінің құбыры жарылған. Жылу құбырын оңдап болғанда, су құбыры жарылды. Бәріне өзіміз ақша жинадық, электрод, пропан газын өзіміз сатып алып, дәнекерлеуші жалдадық, ыстық ауа үрлегіштер, басқа да құрал-жабдықты соңғы тиынымыз қалғанша қосылып сатып алдық. Бізге көрші төртінші үймен кәріз құбырымыз ортақ, бәрін оңдадық дегенде, ол үйдің де құбыры жарылды. Кейінгі үш күнде "жөндеушілер десанты" деген бір топ адам келді. Кілең дәнекерлеуші, машинистер екен, бірақ арасында бір сантехник жоқ. Бұл шығындарымызды біреу өтей ме өзі? – деп сұрады ол.
Жылу мен су болмай, кәріз жүйесі қатып қалған үйлердің тұрғындары ауыз суды сырттан тасып ішуге мәжбүр болғанын айтады. Екібастұз, Павлодар облысы, 6 желтоқсан 2022 жыл.
Екібастұздың жылу жүйесіндегі апаттан зардап шеккен үйлердің тұрғындарының көбі шығынға ұшыраған. Кейбір үйлер даладағы және жертөледегі су құбырларын толық өз күшімен ауыстырып шыққан. Айтуына қарағанда, жылу электр орталығы апатты реттеп жылу бере бастағанда оның жертөледен пәтерге жетуін де өздері қамтамасыз еткен көрінеді.
– Бірінші күннен бастап бәрін өзіміз жасадық. Жертөлені, шатырды – бәрін жылыттық. Бір-екі дәнекерлеуші көмектесті. Крандарды, құбырларды, барлық қажет затты түгелдей өз қаражатымызға сатып алдық. Қанша ақша төлегенімізге дейін жазылған барлық қағаз бар. Бізге тек жағармаймен, газбен жұмыс істейтін ауа үрлегіштер берді, – дейді Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 52-үйдің тұрғыны Александр Сафригин.
"ҚҰБЫРЛАР ТҮГЕЛДЕЙ ШІРІП КЕТКЕН"
5 желтоқсанда Екібастұзға барғанда "жылу берілді" деген үйлердің бірсыпырасын аралап шықтық. Азаттық тілшілері бір апта бұрын (28 қараша) көрген жағдайдан аса көп ештеңе өзгермеген. Жылу электр орталығы (ЖЭО) өкілдері жылу құбырлары мен істен шыққан төрт қазандықтың қалпына келгенін айтқан. ЖЭО қызметкерлері "жалпы ұзындығы 420 шақырымнан асатын жылу желісі 80 рет бүлініп, олар жөнделді. Яғни, [әр үйдегі] жертөлеге дейін жылу жеткізілді" деген еді. Бірақ жылу желісі жөнделді дегенімен қалада басқа проблема шықты.
Жарылған құбырдағы суды тоқтатуға тырысып жатқан адам. Екібастұз, Павлодар облысы, 6 желтоқсан 2022 жыл.
Екібастұзда көп жылдан бері жөндеу көрмей я ауыстырылмай, әбден тозығы жеткен су, кәріз құбырлары бірінен соң бірі жарылып, суық үйде тоңып-жаураған халыққа жығылған үстіне жұдырық болып тиді.
Жан-жақтан көмекке келген бригадалар мен қаладағы ГРЭС-1, ГРЭС-2, Еуразия энергетика корпорациясының "Шығыс" кәсіпорыны, Павлодардағы "Средазэнергомонтаж" тәрізді мекемелерден барлығы 900-ге жуық адам жұмылса да, жағдай жақсармады. Екібастұз билігі қаладағы жылу жүйесінің 90 пайызы, су құбырлары мен кәріздердің 60 пайызға жуығы әбден қаусап, тозғанын айтады.
Жарылған құбырларды жамап жүрген дәнекерлеушілер "оны енді жамағаннан пайда жоқ" дейді.
– Құбырларды ешкім ауыстырмаған, бәрі шіріген. Бәлен жылғы ескі құбыр ғой. Қараусыз жатқандықтан шіріп кеткен. Бұған уақытында қарамаған, жөндеп, ауыстырмаған бастықтар кінәлі, – дейді құбыр жөндеп жатқан жұмысшылардың бірі.
Тұрғындар ескірген құбырды өздерінше жамап-жасқап, қолда бармен қымтап орап қойған. Екібастұз қаласы, Павлодар облысы, 6 желтоқсан 2022 жыл.
Ал жылу кірген үйлердің құбыры ғана емес, үй ішіндегі батареялары да жарылып жатыр. Көбінікі жылу берілмей қалған соң екі-үш күн өте жарыла бастаса, кейбір пәтерде апаттан кейін жылу қайта берілгенде жарылған.
– Осы мәселеге қарамастан жылу мен электр бағасын жылда көтереді. Қаламызда тұратын сантехниктер, санитарлар, көше сыпырушылар ары кеткенде 70 мың теңге жалақы алады. Өзім үш бөлмелі пәтеріме ай сайын 9 мың теңге төлеймін. Егер бағаны тағы көтерсе қалай төлейміз? – дейді Екібастұз тұрғыны Сағира Исламқұлова.
Ол "екі аптаға созылған апатта хал-жағдайымызды білуге келмеді" деп, Екібастұздағы жылу электр орталығына иелік ететін "Орталық Азия электр энергетика корпорациясы" (ОАЭК) акционері Александр Клебановқа да наразы. Апаттың алғашқы күндері Клебановтың өзі Екібастұз халқына видеомен үндеу жолдап, болған жағдайға қынжылып отырғанын айтқан. Тұрғындарға көмектесуге уәде де берген.
– Қаламызда электр мен көмір өндіріледі. Біз шынымен байғұс кедейміз. Бұлай істеуге бола ма? Халықты осындай күйге түсіруге бола ма? Сен қожайынсың, акционерлерің бар. Халықтың алдына кел, жағдайды түсіндір, кешірім сұра. Бұған үкімет қалай қарайтынын білмеймін, бірақ халықтың оған өкпесі қара қазандай, жұрт ашулы. Бұл жағдай бәріміздің де зығырданымызды қайнатты. Егер сен осы мекемеден үлес алып отырсаң, оны дамытпайсың ба? Мен Клебановты айтып отырмын, – дейді Сағира Исламқұлова.
Тұрғындардың ашу-ызаға толы сөзіне жауап берген ОАЭК өкілінің айтуынша, ЖЭО тек шығынға батып жұмыс істеп тұр. Ал жылу орталығы пайда тауып жұмыс істеуі үшін қызмет бағасын көтеруге тура келеді, бірақ әлеуметтік саланың нысаны болғандықтан тарифті көтеруге мүмкіндік болмады деп түсіндіреді ол. Сол себепті ЖЭО-ны мемлекет иелігіне қайтарып беру жайлы шешім барын да растады.
Екібастұздағы жылу электр орталығына иелік ететін "Орталық Азия электр энергетика корпорациясының" басқарма төрағасы Бағдат Орал.
– Тариф саясатын қалпына келтіреміз деген үміт болған. Бірақ ол іске аспады. Оны энергетика министрлігімен талқыладық. Бұл жерден шығатын қорытынды, не кету керек, не әлеуметтік өнім ретінде ешқашан пайда таппай жұмыс істеу керек және меншік формасын жеке-мемлекеттік етіп өзгерту керек болды. Бұл – нарықтағы қызмет. Осы тұста ЖЭО-ны мемлекет меншігіне тегін қайтару не бірлесіп басқару туралы ресми хат жолданғанын растаймын, – деді ОАЭК басқарма төрағасы Бағдат Орал.
Екібастұзда құбырлар мен батереялар жарылып жатқан шақта қала әкімі Аян Бейсекин ол мәселе "ешкімге құпия емес" деді.
– Жалпы Екібастұз қаласы бойынша инженерлік инфрақұрылымның қандай жағдайда тұрғанын, қанша пайыз тозғанын білеміз. Бұл мәселені жиі көтеріп жүрміз. Оның ешқандай құпиясы жоқ. Биылға белгіленген тариф аясында Екібастұз жылу электр саласына 500 миллион теңгедей қаражат жұмсады, оның 300 миллион теңгесі ЖЭО-ға, ал жөндеу жұмыстарына 200 миллион теңге жұмсалды, – дейді қала әкімі.
ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Екібастұз жылусыз қалғанда қалаға арнайы барған премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алғашында Екібастұздағы жылу проблемасының себебін "станция қызметкерінің қателігінен" іздеген.
"Көптеген құбыр жарылып, аса көп мөлшерде су кетуі салдарынан ЖЭО қазандықтары істемей қалды" деген еді ол. Апат салдарын анықтайтын арнайы штаб құрылып, қазір тергеу жүріп жатыр.
Екібастұздағы көппәтерлі тұрғын үйлер. Павлодар облысы, 6 желтоқсан 2022 жыл.
Қала халқының жылусыз, кейбірінің тіпті жарықсыз әрі сусыз отырғанына екі аптаға жуық уақыт өткенде, Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің превенция қызметінің жетекшісі Саян Ахметжанов бұл апат жемқорлық салдары болуы мүмкін дегенді айтты.
"Кәсіпорын директорлары жеке және заңды тұлғаларды орталық жылу жүйесіне қосқаны үшін жеке сыйақы алады. Соның нәтижесінде [жылу орталығының] қуаты азайып, жылу кемиді. Соның салдарынан көп қабатты тұрғын үйлерде жылу мен ыстық су жоқ. Түрлі аймақта осындай жайт байқалады" деген Саян Ахметжанов тілшілерге.
Жарылған құбырларды жамап жүрген жұмысшылар әбден тозып, шіріген желіні жамап-жасқағаннан пайда жоғын айтады. "Бұған уақытында қарамаған, дер кезінде жөндеп, ауыстырмаған бастықтар кінәлі" дейді олар.
Ал Екібастұздағы ЖЭО-ның бұрынғы инженері Сергей Соколов ведомствоаралық комиссия құрамында бірде-бір арнайы маман жоғын, керісінше полиция департаменті, сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі өкілдері толып отырғанын айтып, олардың апат себебін толық анықтай алатынына күмән келтірді.
– Гидравлика мен жылу режимі егіз тәрізді қатар сақталуы тиіс. Бірақ бұл жүйе бізде мүлде бұзылған. Қаламызда жылу жүйелеріне сарай ма, монша ма, небір қосымша жылу тұтыну көздері жоспарсыз, қалай болса солай қосылады. Оның бәрін ретке келтіру үшін бұл мәселеге үкімет араласуы керек. Өйткені тексеру жүргізуге барғандарды ешкім жеке территориясына кіргізбейді. Әйтпесе Екібастұз ЖЭО-ның қуаты тағы бір осындай қаланы қамтамасыз етуге жетеді. Ол жылына 1 миллион 150 гигакалория (Гкал) жылу өндіреді. Ал 150 мың тұрғыны бар Екібастұзға 650 мың Гкал артығымен жетеді, – дейді ол Азаттыққа.
Маманның сөзінше, Екібастұздағы құбырлардың жалпы ұзындығы – 425 км және ол әлі күнге дейін өзгерген жоқ.
– ЖЭО-ға бар болғаны 8 мың тонна су айдау керек болса, бізде 13 мың тоннадан айдап жатыр. Бұл мәселені ескеріп отырған ешкім жоқ. Сондықтан құбыр ауыстырып, бәрін алтындап қойса да бұл проблема шешілмейді және барлық өңірдегі ЖЭО-да жағдай осындай, – дейді саланың қыр-сырын білетін инженер.
Павлодар облысының оңтүстік-батысында жатқан Екібастұз қаласында 150 мыңдай адам тұрады. Өңірде "Богатырь", "Солтүстік" және "Шығыс" тәрізді ірі көмір кеніштері бар.
Екібастұз – Павлодар облысының оңтүстік-батысында жатқан кеншілер мен энергетиктер қаласы. Мұнда "Богатырь", "Солтүстік" және "Шығыс" тәрізді ірі көмір кеніштері бар.
Қарашаның аяғында қала жылусыз қалған соң ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақовты қызметтен алған.
Ал 4 желтоқсанда Екібастұз жылу электр орталығы учаскесінің бастығы Сергей Видлог өз көлігінен өлі табылған. Құқық органдары 33 жастағы Видлогтың өліміне байланысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Екібастұз: төтенше режим аяқталғанмен жағдай жақсарып кеткен жоқ
1/26Бауыржан Момышұлы көшесінде тұратын Олег Дикач пәтеріндегі шылапшынға қатқан мұзды көрсетіп тұр. Ол тұратын үйге жылу 6 желтоқсанда берілген. Бірақ тұрғын пәтеріндегі жылу батереясы мен құбыр жарылғаны себепті әлі жылусыз отырғанын айтады.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/26Павлодар облысының оңтүстік-батысында жатқан Екібастұз қаласында 150 мыңдай адам тұрады. "Богатырь", "Солтүстік" және "Шығыс" тәрізді ірі көмір кеніштері бар өңірдегі қаланың жылу орталығында қарашаның аяғында апат болып, бірнеше қазандық істен шықты.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/26Мамандар апатқа жылу орталығындағы жабдықтың әбден ескіруі себеп дейді. Билікке өкпесі қара қазандай тұрғындар бұл мәселе үкіметке бұған дейін бірнеше рет айтылғанымен ешқандай реакция болмады деп ренжиді.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/26Екібастұз қаласында 689 көппәтерлі тұрғын үй мен 82 әлеуметтік нысан орталық жылу жүйесіне қосылған. Жергілікті билік 28 қарашада қалада төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/26– Біз далада қалғандай күйдеміз. Жылу құбырын оңдап болғанда, су құбыры жарылды. Бәріне өзіміз ақша жинадық, қажет құрал-жабдықты өзіміз сатып алып, дәнекерлеуші жалдадық, – дейді тұрғындар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/26Он күннен бері тастай суық үйін жылыту үшін әбігерге түскен тұрғындар ескірген құбырды өздерінше жөндеген болып, қолда бармен жамап-жасқап, қымтап орап қойған. Бірақ оның қанша уақыт шыдас беретіні белгісіз.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/26Жергілікті жылу орталығындағы апат салдарынан аязды күні тастай суық үйде тоңып, берекесі қашқан тұрғындар жылусыз қалғанына қоса су құбыры жарылып, кәріз жүйесінің істен шыққаны жығылғанға жұдырық болып тигенін айтады.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
15/26Екібастұз жылу орталығындағы апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб 8 желтоқсанда қалада "жылу толық берілгенін", бірақ екі мектеп, балабақша мен балалар үйін қосқанда оннан астам нысанның құбырын қайта жалғау үшін жылу беру уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Тұрғындардың кейбірі үйінің әлі де суық екенін, су құбырының әр жерден жарылып жатқанын айтады.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
16/26Жарылып, әр тұсынан су атқылаған құбырларды жөнге келтіре алмай әуре-сарсаңға түскен жұмысшылар әбден тозып, шіріген желіні жамап-жасқағаннан пайда жоғын айтады. "Бұған осы құбырларды дер кезінде жөндемей я ауыстырмай, қараусыз қалдырған бастықтар кінәлі" дейді олар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
19/26"ОАЭЭК" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Бағдат Орал ЖЭО табысты жұмыс істеуі үшін қызмет бағасын көтеруге тура келетінін, бірақ әлеуметтік сала нысаны болғандықтан тарифті көтеруге мүмкіндік болмағанын айтады. Ол ЖЭО-ны мемлекет иелігіне қайтару жайлы шешім барын да растады.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
20/26Төтенше жағдай кезінде жедел жөндеу жұмыстары атқарылып, әупірімдеп жүріп жылу берілген үйлердің ішіндегі батареялары да жарылып жатыр. Көбінікі жылу берілмей қалған соң екі-үш күн өткенде сыр берсе, кейбір пәтерде апаттан кейін жылу қайта берілгенде жарылған.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
22/26Екібастұз жылусыз қалғанда қалаға арнайы барған премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алғашында Екібастұздағы жылу проблемасының себебін "станция қызметкерінің қателігінен" іздеген.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
24/26Қала халқының жылусыз, кейбірінің тіпті жарықсыз әрі сусыз отырғанына екі аптаға жуық уақыт өткенде, Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің превенция қызметінің жетекшісі Саян Ахметжанов бұл апат жемқорлық салдары болуы мүмкін дегенді айтты.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
25/26Қала әкімі Аян Бейсекин: "Биылға белгіленген тариф аясында Екібастұз жылу электр саласына 500 миллион теңгедей қаражат жұмсады, оның 300 миллион теңгесі ЖЭО-ға, ал жөндеу жұмыстарына 200 миллион теңге жұмсалды" дейді.
8 желтоқсанда Екібастұз әкімдігі жергілікті жылу электр орталығындағы апат салдарынан қатты аязда жылусыз қалған қалада он күн бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанын, тұтынушыларға жылу толық берілгенін мәлімдеді. Бірақ қалада әлі де суық үйде отырған айтып шағынып жатқандар бар.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
26/26Екібастұздағы ЖЭО-ның бұрынғы инженері Сергей Соколов: "Гидравлика мен жылу режимі егіз тәрізді қатар сақталуы тиіс. Бірақ бұл жүйе бізде мүлде бұзылған. Қалада жылу жүйесіне әртүрлі қосымша тұтыну көздері жоспарсыз, қалай болса солай қосылады. Оның бәрін ретке келтіру үшін бұл мәселеге үкімет араласуы керек" дейді.