Accessibility links

"Вирустан көз жұмғандар – коррупцияның, хаостың құрбаны". Қаралы күнгі желідегі көңіл-күй


Флешмоб, салюттің салқыны. Қазақстан коронавирус құрбандарын аза тұтты
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:22 0:00

Флешмоб, салюттің салқыны. Қазақстан коронавирус құрбандарын аза тұтты

13 шілде – Қазақстанда коронавирус құрбандарын еске алу үшін Ұлттық аза тұту күні. Желі қолданушылары 6 шілдеде елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен Астана күнінде салют атқан биліктің бір аптадан соң қаралы күн жариялауына пікір білдіріп жатыр. Бұдан бөлек, елде дәрігерлердің коронавирус құрбандарын еске алу флешмобы да жұрт тарапынан сынға қалды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 60 мыңға жуықтап, мыңдаған адам COVID-19 симптомдарына ұқсас пневмониямен ауырып жатқанда, мыңнан астам адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғанда билік елде 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Елде бір минуттық үнсіздік болды.

Осыдан тура бір апта бұрын, 6 шілде Астана күні Нұр-Сұлтан әкімдігі қалада отшашу атқан. Бұл мереке елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді. Былтыр наурызда президенттіктен кеткен, бірақ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде билікке әсер етіп отырған Назарбаев биыл 80 жасқа толды. Желі қолданушылары кейбірі "билік таңдаған 13 шілдені емес, салют атылған 6 шілдені қаралы күн" деп қабылдайтындарын жазып жатыр.

Досым Сәтпаев: Ащы шындық, егер басқарудағы былық, цинизм, мейірімсіздік және жүйедегі коррупция болмаса, денсаулық сақтау саласы мен барлық деңгейдегі жауапсыздық, билікке сенбеушілік болмағанда марқұмдардың көбі тірі болар еді. Ал сенім жоқ кезде кез келген қауіппен күресу мүмкін емес. Осы үшін биліктен ешкім кешірім сұрамады, ешкім қатаң жазаға тартылмады. Дегенмен айыпты мойындау өзгеріске қандай да бір қадам...

Dastan Myrza: Халық айтса, қалып айтпайды. Біздегі жұрт негізі вирустан емес коррупцияның кесірінен қырылып жатқанда салют атып, адамның жынына тиіп, той тойлап еді. Халық дәл сол күнді қаралы күн қылды. Енді тарихта солай болып қала береді, шілденің 13-не ауыстырып елді дүрліктіріп, бастарын айналдырмай-ақ қойсын. Туған күн екен ғой керегі.
Мен үшін қаралы күн – 6 шілде. Тарих бетінде солай болғанын да қалаймын. Нүкте. Тіпті мұны талқылауға да тұрмайды.

Marat Raimkhanov: Билік 13 шілдені қайғыру үшін емес, халықтың 6 шілдедегі өз бетінше жариялаған қаралы күнін басу үшін Аза тұту күні деп жариялады. Жасанды қайғыру – еліміздің жаңа тарихының масқара бөлігі. Біз өзіміздің мерекелік отшашуымызды әлі де болады. 6 шілдеде Астана күні құрметіне салют атып, 13 шілде қаралы күн жариялады. Адамдардың өмірін құтқаруға ақша жоқ. Ал той тойлауға, әлбетте, ақша бар.

"13 шілде - аза тұту емес, ұлттық екіжүзділік күні"
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:05 0:00

Janat Iskakov: ШЫНАЙЫ ҚАРАЛЫ КҮН – 6 ШІЛДЕ! Иә, ресми түрде 13 шілде Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні! Шындығына келгенде, бұл - Назарбаев жүйесінің 6 шілдеде халық қайғырып жатқандағы салютінен кейін жұрттың ашуын басуға талпынысы. Бұл отшашу – биліктің өз халқының бетіне түкіргені.

Адель Смит: Ерікті ретінде ауруханада күніне көп адам өліп жатқанын білемін. Олар – вирустың емес, бассыздықтың, хаостың, ұрлықтың және жауапсыздықтың құрбандары

Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткенде көзіне жас алған мәжіліс депутаты, билікшіл "Ақжол" партиясының мүшесі Азат Перуашев Twitter желісінде "Бүгін пандемия құрбандарын еске алып жатырмыз. Негізінен адамдар мемлекеттік басқарудың тоқырауынан, коррупция және шенеуніктердің әр адамнан, әр бюджеттен жеп қалуға деген талпынысынан өліп жатыр" деп жазған. Депутаттың бұл жазба желі қолданушылар арасынан сынға қалды. Ақсәуле Әлжан есімді қолданушы "Мұны жылдар бойы мемлекеттік басқарудың, коррупцияның және "өтірік" демократияға үлес қосқан сіз айтып отырсыз ба? Сіз және [Владислав] Косарев (Коммунистік партия мүшесі, мәжіліс депутаты - ред), басқа да псевдооппозиция осы бассыздыққа кінәлісіздер" деп жазды.

Бэлла Орынбетова: Тым болмаса кімдерді жоқтайтынымызды білейік. Коронавирустен қанша адам көз жұмды? Оттекке, дәріге, медициналық көмекке жете алмай өлген адамдарды ресми тізімге қоспайынша аза тұту нағыз цинизм. ​

Алмас Темірбайдың өлеңінен үзінді:

Ауысар қашан бұл билік,

Емес қой елім тілсіз құл?!

"Үнсіздік – дейді-ай – 1 минут?",

30 жыл халқым үнсіз жүр!

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің пікірі:

Әлеуметтік желі қолданушылары 13 шілдеде Шымкент қаласындағы дәрігерлердің флешмобы да сынға қалды. Аза тұту күні Шымкентте Түркістан облыстық туберкулез диспансерінің бір топ дәрігердің жол бойына шығып, құрбандарды еске алып тұрған видеосы тараған. Жұрт "ауруханада адамдар қиналып ауырып жатқанда дәрігерлерді көшеге шығарғандарды" сынап жатыр.

Шымкенттегі дәрігерлердің Аза тұту күніндегі флешмобы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:18 0:00

Желідегі сыннан кейін диспансердің бас дәрігері Болат Сағымбеков "Аталмыш шара - Ұлттық медициналық ассоциациясының төрайымы Садықова Айжан Бегайдарқызының барша медицина қызметкеріне тастаған үндеуін қолдау мақсатында, сұм індетпен күресіп көз жұмған барша әріптестеріміздің рухына тағзым ету үшін жасаған біздің ортақ шешіміміз" деді.

Оңғар Қабден: Шымкентте азалы күні флешмоб. Дәрігер жетіспей жатқанда көшеге қаз-қатар тізіп қойғаны несі? Бұлар емдеп жатқан адамдарды қарауға орнына әкімдіктегілер қалды ма?

Сәуле Әбілдаханқызы: Дәрігерлер жетіспей жатыр. Әр секунд уақыт - бір жұтым ауа - бір ғұмырға татып тұр... Бұл тірлікке дәрігерлердің, кемінде, 1 сағат уақыттары кетті... бұл кісілер биліктің бұйрығымен мына жақта көше бойлап тұрғанда, ана жақта ауруханада қанша адам ауа жетпей тұншығып, дәрі жетпей қиналып жатыр екен? Ал бұлар... дәрігерлерді мазақ етіп...

Зауре Мирзаходжаева: Бұл не фарс?! Бұл масқараны кім ұйымдастырды?! Коронавирус құрбандарын еске алуға арналған Шымкенттегі флэшмоб. Сапта тұрғандар бүгін-ертең коронавирус құрбандарының тізімін толықтыруы мүмкін ғой! Бассыздықтар қашан тоқтайды?!! Дәрігерлерді қашан құрметтей бастайды?! Адамдарды қашан сылай бастайды?! Қашан біз өзімізді құрметтей бастаймыз?!

Nurzhan Tuganbai: Дәрігерлерді көше бойына қаз-қатар тұрғызып, мазақ қылған мемлекеттен жүрек айни бастады. Сасқан үйрек артымен сүңгиді дейтін сөз осындайда айтылған екен-ау...

Ержан Тәліп: Мұғалімдер отпускіде болған соң бүгінгі флешмобқа дəрігерлерді тартқан да...

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG