Accessibility links

Украина мен Ресей Eurovision-да да қарсылас

Eurovision байқауына қатысып жатқан Ресей әншілері Анастасия мен Мария Толмачевалар (екі жақта) және Украина әншісі Мария Яремчук. Фото Филипп Киркоровтың сайтынан алынды.
Eurovision байқауына қатысып жатқан Ресей әншілері Анастасия мен Мария Толмачевалар (екі жақта) және Украина әншісі Мария Яремчук. Фото Филипп Киркоровтың сайтынан алынды.

Eurovision ұйымдастырушылары "ән байқауының саясатқа қатысы жоқ" дейді. Бірақ жартылай финалға Украина мен Ресей шықса, «қақтығыс Копенгаген сахнасында жалғасады» дейтіндер бар.

Сайысты ұйымдастырушылар оның тек ән байқауы екенін ғана айтса да, Eurovision фанаттары Ресей мен Украина арасында ушығып бара жатқан қақтығыс жыл сайын өтетін өнер сайысы кезінде де бой көрсете ме деп алаңдайды.

РЕСЕЙ МЕН УКРАИНА САХНАДА САЙЫСАДЫ

Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі адам өліміне әкелген жағдайлар (оны қазіргі Украина президенті Александр Турчинов «орыстар ашқан соғыс» деп атады) «бұл екі ел 59-рет өтетін ән байқауына биыл қатыспайды» деген дақпырттың шығуына түрткі болды.

Бірақ аяғында Украина да, Ресей де байқауға қатысатын 31 еуропалық мемлекеттің қатарынан табылды. Енді екі ел жартылай финалда (16 үміткер) бір-бірімен бәсекеге түспек, бұл топта Ресей мен Украина және Әзербайжан бар.

Украина сайыскерлерінің соңғы жылдарда шырқаған әндерінен Ресейге қарсы леп байқалып тұрса, биыл олар барынша бейтарап ән таңдаған сияқты. Осы жылғы үміткер, 21 жастағы Мария Яремчук саяси астары жоқ, махаббат туралы «Тик-так» деген көңілді ән шырқайды.

Дегенмен украин халық әндерін орындайтын танымал әнші, марқұм Назарий Яремчуктің қызы Мария еліндегі жағдайға алаңдайтынын, әсіресе мамырдың 2-сі күні Одессада 40 адамның қаза тапқанына қайғыратынын айтты. Ол қақтығыстан бір күн өткен соң Азаттыққа «Әрине, біз бүкіл тобымызден уайымдадық. Дайындық кезінде де елдегі жағдайға алаңдап тұрасың. Бірақ бізге ештеңе бөгет бола алмайды, керісінше, оның бәрі одан сайын мықты болуға әсер етеді» деді.

Eurovision-ға Ресейден егіз әншілер - Анастасия мен Мария Толмачевалар қатысып жатыр. Олар 2006 жылы балалар арасындағы Eurovision сайысында жеңіске жеткен. Енді 17 жастағы ақсары шашты, бота көз қыздар Ресейдің шетелдегі имиджін жақсартуға тырыспақ.

Бірақ олардың «Жарқыра» («Shine») әні кейбір украиналық бақылаушылардың көңіліне келуі мүмкін, себебі онда «екі оттың арасындамын, қылмыс жасауға даярмын, кейде шектен шығып кетемін» деген сияқты өлең жолдары бар.

«БӘРІБІР САЯСИ ШАРА»

Британия ғалымы және Eurovision жанкүйері, «Доктор Eurovision» деген лақап аты бар Пол Иордан (Paul Jordan) «Eurovision фанаттары арасында Ресейдің Украинадағы әрекетіне ғана емес, гейлерге қарсы қабылдаған заңына да наразылар бар» дейді. Дегенмен ол егіз Толмачевалардың байқауға қатысқанын құптайды.

«Eurovision аудиториясының көпшілігі – гейлер. Ресей бұл байқаудан шығып қалатын сияқты. Eurovision жанкүйерлері қазірдің өзінде «ол қыздарды сахнадан ысқырып қуып шыққан жөн» деп дауласып жатыр. Ресейліктер байқауға қатысар алдында ойланды ма екен? Меніңше, ойланып шешім қабылдаған сияқты» дейді ол.

Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың көрші елдерге қалай әсер еткені дауыс беру кезінде байқалады. Онда әр мемлекет өз үміткеріне дауыс бере алмайды, сондықтан әдетте географиялық тұрғыдан жақын көршісін қолдауға тырысады.

Eurovision-нің әр жылғы дауларын мына фотогалереядан көре аласыз:

Eurovision даулары

"Буранов апалары" аталып кеткен әйелдер 2012 жылғы байқауда ел ықыласына бөленген еді. Бірақ "апалардың" кейбірі биыл Қырымды қосып алған Кремльге өнер қайраткерлері жазған қолдау хатқа қосылды. 
1/14 "Буранов апалары" аталып кеткен әйелдер 2012 жылғы байқауда ел ықыласына бөленген еді. Бірақ "апалардың" кейбірі биыл Қырымды қосып алған Кремльге өнер қайраткерлері жазған қолдау хатқа қосылды. 
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
2014 жылы Eurovision байқауына Армениядан қатысқан әнші Aram Mp3-тің австриялық сақалды трансвестит Кончита Вурстың атына айтқан жаман сөзі жанкүйерлер ашуын тудырды. Aram кейіннен жария түрде кешірім сұрады.
2/14 2014 жылы Eurovision байқауына Армениядан қатысқан әнші Aram Mp3-тің австриялық сақалды трансвестит Кончита Вурстың атына айтқан жаман сөзі жанкүйерлер ашуын тудырды. Aram кейіннен жария түрде кешірім сұрады.
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
2013 жылы Eurovision (Мальмо, Швеция) финалына әзербайжандық әнші Фарид Мамедов (оң жақта) шықты. Швеция оны "дауыстарды сатып алды" деп айыптады. Бұл даудан кейін ұйымдастырушылар іріктеу жүйесін жетілдіру үшін байқауға қазылар алқасын енгізді. 
3/14 2013 жылы Eurovision (Мальмо, Швеция) финалына әзербайжандық әнші Фарид Мамедов (оң жақта) шықты. Швеция оны "дауыстарды сатып алды" деп айыптады. Бұл даудан кейін ұйымдастырушылар іріктеу жүйесін жетілдіру үшін байқауға қазылар алқасын енгізді. 
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
Eurovision әншілері байқау кезінде саяси мәлімдемелер жасамауға келіскен. Алайда 2012 жылы Бакуде өткен байқау кезінде Швед әншісі Loreen Әзербайжан белсенділерімен жолығып, кейін Беларуське саяси тұтқындармен кездесуге аттанды.
4/14 Eurovision әншілері байқау кезінде саяси мәлімдемелер жасамауға келіскен. Алайда 2012 жылы Бакуде өткен байқау кезінде Швед әншісі Loreen Әзербайжан белсенділерімен жолығып, кейін Беларуське саяси тұтқындармен кездесуге аттанды.
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
2012 жылғы байқау кезінде белсенділер Eurovision-ді Әзербайжандағы адам құқықтары ахуалына әлем назарын аударатын құрал ретінде пайдалануға тырысты. &nbsp;<br />
<br />
Суретте: жай киім киген полицей Әзербайжан қоғамдық телеарнасының ғимараты жанында қоғамдық белсендіні ұстап жатыр.<br />
&nbsp;
5/14 2012 жылғы байқау кезінде белсенділер Eurovision-ді Әзербайжандағы адам құқықтары ахуалына әлем назарын аударатын құрал ретінде пайдалануға тырысты.  

Суретте: жай киім киген полицей Әзербайжан қоғамдық телеарнасының ғимараты жанында қоғамдық белсендіні ұстап жатыр.
 
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
Әзербайжан 2012 жылы Eurovision байқауын өткізуге жүздеген миллион доллар жұмсады деген ақпарат бар. Мәселен, Бакуде байқау өткен Crystal Hall сарайы жаңадан салынды. Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы сарай салатын орынды босату үшін 20 мың тұрғынның баспаналары күреліп, өздері күштеп көшірілгенін мәлімдеді.&nbsp;
6/14 Әзербайжан 2012 жылы Eurovision байқауын өткізуге жүздеген миллион доллар жұмсады деген ақпарат бар. Мәселен, Бакуде байқау өткен Crystal Hall сарайы жаңадан салынды. Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы сарай салатын орынды босату үшін 20 мың тұрғынның баспаналары күреліп, өздері күштеп көшірілгенін мәлімдеді. 
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
Сарапшылардың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин байқау Мәскеу қаласында өткенде (2009), бұл шараны &quot;Ресейдің ұлттық абыройын&quot; насихаттауға пайдалануға тырысты.<br />
<br />
Суретте: Путин Әзербайжан әншілері Араш (ортада) пен Айсельді (оң жақта) құттықтап тұр.&nbsp;
7/14 Сарапшылардың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин байқау Мәскеу қаласында өткенде (2009), бұл шараны "Ресейдің ұлттық абыройын" насихаттауға пайдалануға тырысты.

Суретте: Путин Әзербайжан әншілері Араш (ортада) пен Айсельді (оң жақта) құттықтап тұр. 
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
2009 жылы Грузия тобы Stefane &amp; 3G байқаудан шеттетілді. Олардың &quot;We Don&#39;t Wanna Put In&quot; деп аталатын әні Ресей президенті Путинді мұқату ретінде бағаланды.&nbsp;
8/14 2009 жылы Грузия тобы Stefane & 3G байқаудан шеттетілді. Олардың "We Don't Wanna Put In" деп аталатын әні Ресей президенті Путинді мұқату ретінде бағаланды. 
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
2007 жылы Хельсинкиде өткен Eurovision байқауында Украина әншісі&nbsp;Верка Сердючканың &quot;Dancing Lasha Tumbai&quot; әні ресейліктер наразылығын тудырды. Наразылар оны &quot;lasha tumbai&quot; сөзін &quot;Russia goodbye&quot; деп өзгертіп айтты, біз оны анық естідік&quot; деп айыптады. Сердючка оны жоққа шығарды.
9/14 2007 жылы Хельсинкиде өткен Eurovision байқауында Украина әншісі Верка Сердючканың "Dancing Lasha Tumbai" әні ресейліктер наразылығын тудырды. Наразылар оны "lasha tumbai" сөзін "Russia goodbye" деп өзгертіп айтты, біз оны анық естідік" деп айыптады. Сердючка оны жоққа шығарды.
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
Eurovision халықаралық ән байқауының &quot;көршілерге дауыс беру&quot; дәстүрінен кейде дау шығып жатады. 2007 жылы орыс ұлты өкілдері Эстония астанасы Таллинде екінші дүниежүзілік соғысқа арналған ескерткіштің көшірілуіне байланысты тәртіпсіздік ұйымдастырды. Алайда бірнеше аптадан кейін Эстония көрермендері ресейлік әншіге ең көп - 12 ұпай дауыс берді.&nbsp;
10/14 Eurovision халықаралық ән байқауының "көршілерге дауыс беру" дәстүрінен кейде дау шығып жатады. 2007 жылы орыс ұлты өкілдері Эстония астанасы Таллинде екінші дүниежүзілік соғысқа арналған ескерткіштің көшірілуіне байланысты тәртіпсіздік ұйымдастырды. Алайда бірнеше аптадан кейін Эстония көрермендері ресейлік әншіге ең көп - 12 ұпай дауыс берді. 
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
Ал Армения мен Әзербайжан бір-біріне дауыс бермей келеді. Мәселен, Армения әншісі Андре 2006 жылы Eurovision байқауына қатысты. Ол Әзербайжан мен Түркияда наразылық тудырды. Өйткені Андре жарнама ролигінде Осман империясының армяндарға қырғын жасағанынын &quot;көрсеткен&quot; еді.
11/14 Ал Армения мен Әзербайжан бір-біріне дауыс бермей келеді. Мәселен, Армения әншісі Андре 2006 жылы Eurovision байқауына қатысты. Ол Әзербайжан мен Түркияда наразылық тудырды. Өйткені Андре жарнама ролигінде Осман империясының армяндарға қырғын жасағанынын "көрсеткен" еді.
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
2009 жылы Әзербайжан билігі Армения әншілері Инга мен Анушқа дауыс берген 40 шақты азаматты тергеді. Мәселен, Ровшан Насирли тергеушілердің &quot;ұлттық намысың жоқ&quot; деп сөгіп, &quot;ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді&quot; деген айып таққанын айтады.&nbsp;
12/14 2009 жылы Әзербайжан билігі Армения әншілері Инга мен Анушқа дауыс берген 40 шақты азаматты тергеді. Мәселен, Ровшан Насирли тергеушілердің "ұлттық намысың жоқ" деп сөгіп, "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді" деген айып таққанын айтады. 
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
Украина тобы GreenJolly-дің &quot;Біз біргеміз&quot; әні 2004 жылы осы елде болған сарғылт-қызыл революцияның бейресми гимніне айналған еді. 2005 жылы байқауға қатысқан бұл топ сахнаға осы әнді алып шықты. Бұл Ресейде наразылық тудырды.
13/14 Украина тобы GreenJolly-дің "Біз біргеміз" әні 2004 жылы осы елде болған сарғылт-қызыл революцияның бейресми гимніне айналған еді. 2005 жылы байқауға қатысқан бұл топ сахнаға осы әнді алып шықты. Бұл Ресейде наразылық тудырды.
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
Кейбір әншілер Eurovision байқауының шектеулерін түрлі тәсілдермен айналып өтеді. Мәселен норвегиялық әнші Виг Вам 2005 жылғы байқауда Украинаны қолдайтынын білдіру үшін сахнаға сарғылт-қызыл ту алып шықты. &nbsp;<br />
&nbsp;
14/14 Кейбір әншілер Eurovision байқауының шектеулерін түрлі тәсілдермен айналып өтеді. Мәселен норвегиялық әнші Виг Вам 2005 жылғы байқауда Украинаны қолдайтынын білдіру үшін сахнаға сарғылт-қызыл ту алып шықты.  
 
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
Previous slide
Next slide

Бітіспес бақталастар - Әзербайжан мен Армения ғана көршісіне дауыс беретіндер қатарынан көрінбейді. «Көршіге дауыс беру» дәстүрінің қолайсыз тұстары байқалғандықтан, Eurovision шенеуніктері 2009 жылы қазылар алқасын сайлады. Қазір дауыстың 50 пайызын қазылар берсе, қалғанын көрермендер шешеді. Аяғында бәрі жинақталып, 12 ұпаймен есептеледі. 12 – ең жоғары ұпай, 0 – ең төмен ұпай.

Пол Иордан «2005 жылы Украинада сарғылт-қызыл төңкеріс жүріп жатқанда Ресей көршісіне небәрі 2 ұпай ғана бергенін» еске алады (ал украиндар оның алдында Ресейге 12 ұпай сыйлаған еді). Қазір іштей екіге жарылған Украинаның жағдайы одан да қиын – Қырым Ресейдің бір бөлігі болып кеткендіктен, дауыстың қалай есептелетінін болжауға да келмей тұр.

Eurovision шенеуніктері байқаудың саясаттан тыс екенін айтудан жалығар емес, олар «осы сайыс еуропалық елдерді біртұтас қалпында көруге мүмкіндік береді» дейді.

Дегенмен Иорданның айтуынша, мамырдың 10-ы күні болатын финал кезінде келесі жылы сайыстың қай елде өтетінін анықтауға саясаттың ықпалы болады. Алдағы жылы байқаудың 60 жылдығын өткізуге 16 мемлекет таласады.

Иорданның болжамы бойынша, келесі жылы байқау өткізу құқығын Ресей немесе Украина емес, Грекия жеңіп алады. «Байқау сырттай телевизиялық шоу, ойын-сауық тәрізді көрінгенімен, Еуропадағы шиеленісті Eurovision байқауы кезіндегі дауыс беру процесіне қарап бағалауға да болады. Ұйымдастырушылар қаласа да, қаламаса да бұл саяси шараға айналып кетті» дейді ол.

(Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)
Айдар
XS
SM
MD
LG