Accessibility links

Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр. Баку әуежайы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.
Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр. Баку әуежайы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.

Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей әуе қорғаныс жүйесінің қатысы бар деген болжам айтылды

Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен.

09:18 26.12.2024

Ұшақ неге теңізге қонбады? Сарапшы түсіндіреді

Ақтау маңына құлаған жолаушы ұшағының апатқа ұшырауына не себеп болды? Ұшқыштардың әрекетін қалай бағалаймыз? Теңізге қонса көбірек адам өмірін сақтау мүмкін болар ма еді? Embraer 190 деген қаншалық қауіпсіз ұшақ? Азаттық бұл сұрақтарды авиация маманы Абыл Кекілбайға қойды.

10:46 26.12.2024

Маңғыстаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азамат еліне аттанды

26 желтоқсанда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен Ресейдің 9 азаматы Мәскеуге ұшып кетті. Оларды зардап шеккендерге көмектесу үшін Ақтауға Ресейден келген медицина қызметкерлері алып кетті деп хабарлады Маңғыстау облыстық әкімдігі.

"Медуза" телеграм-арнасы түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 ресейлік азаматты (біреуі бала) Ақтаудан Мәскеуге Ресейдің төтенше жағдай министрлігінің Ил-76 ұшағымен аттанды деп жазды.

25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға жолаушы апара жатқан Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағы Ақтау маңына құлаған. Ұшақта экипаждың бес мүшесінен бөлек, Әзербайжанның – 37 азаматы, Ресейдің - 16, Қазақстанның - 6, Қырғызстанның 3 азаматы болған.

Апат салдарынан 38 адам мерт болып, аман қалған 29 адам Ақтаудағы ауруханаға жеткізілген. Ұшақта болған алты қазақстандық апаттан мерт болған.

11:52 26.12.2024

Ақтау маңында жолаушы ұшағы апатқа ұшырауына байланысты Қазақстанға Embraer компаниясы мен Бразилиядағы CENIPA (авиация оқиғаларын зерттейтін орталық) өкілдері келмек. Бұл жөнінде 26 желтоқсанда Қазақстанның көлік министрлігі хабарлады.

Бір күн бұрын Бакудан Грозныйға қарай ұшқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Ұшақта экипаждың бес мүшесінен бөлек, Әзербайжанның – 37 азаматы, Ресейдің - 16, Қазақстанның - 6, Қырғызстанның 3 азаматы болған.

Ресми дерекке сай, апат салдарынан 38 адам опат болып, тірі қалған 29 адам Ақтаудағы ауруханаға жатқызылған. Жеті адамның жағдайы өте ауыр екені хабарланды. Тірі қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Ақтау қаласындағы мәйітхана маңын бақылап тұрған полиция ішкі жаққа ешкімді өткізбей тұр. Маңғыстау облысы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.
Ақтау қаласындағы мәйітхана маңын бақылап тұрған полиция ішкі жаққа ешкімді өткізбей тұр. Маңғыстау облысы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.

Бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы мен Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының өкілдері де келген.

Апат болған аумақтан жолаушы ұшағының ұшқыштар кабинасындағы әңгіме мен ақпаратты жазып алатын арнаулы құрылғысы (ауызекі тілде – "қара жәшік") апат болған аумақтан табылған. Ол қылмыстық іске тіркеледі деді Қазақстанның көлік прокуратурасы. Ұшақ апаты бойынша тергеуді Қазақстанның құқық қорғау органдары жүргізеді.

12:04 26.12.2024

Денсаулық сақтау басқармасы: азаматтығы белгісіз екі адамның бірі Әзербайжан азаматы болып шықты

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында қай елдің азаматы екені анықталмаған екі әйел болған. Соның бірінің азаматтығы анықталды. Ол Әзербайжан азаматы болып шықты деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мекеменің дерегінше, ұшақ апатынан зардап шеккен 20 науқастың алтауы қазір реанимация бөлімінде жатыр. Екі науқас травматология бөліміне ауыстырылған.

Апаттан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты бейсенбі күні таңертең Ресейдің төтенше жағдай министрлігінің ұшағы Ақтаудан Мәскеуге әкеткен еді.

Ақтау маңына құлаған Azerbaijan Airlines компаниясының жолаушы ұшағында барлығы 67 адам болған. Апат салдарынан 38-і қаза тауып, 29-ы тірі қалған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG