Accessibility links

Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр. Баку әуежайы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.
Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр. Баку әуежайы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.

Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей әуе қорғаныс жүйесінің қатысы бар деген болжам айтылды

Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен.

12:07 26.12.2024

Ақтауда мәйітхана маңын полиция бақылап тұр

26 желтоқсанда Ақтаудағы мәйітханаға барған Азаттық тілшісі мәйітхананың екі жағына патруль көлігі қойылып, алдына шатыр тігілгенін көрді. Ұшақ апатынан қаза тапқандардың сүйегін осында алып келген.

Мәйітхана маңында тұрған полиция қызметкері Азаттық тілшісіне мәйітхана маңын фото-видеоға түсіруге болмайтынын айтып, тілшінің жұмысына кедергі келтірді.

Ақтау қаласындағы мәйітхана маңын бақылап тұрған полиция ішкі жаққа ешкімді өткізбей тұр. Маңғыстау облысы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.
Ақтау қаласындағы мәйітхана маңын бақылап тұрған полиция ішкі жаққа ешкімді өткізбей тұр. Маңғыстау облысы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.
12:17 26.12.2024

ТЖМ: ұшақ экипажының үш мүшесі қаза болған

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза болған 38 адамның сүйегі медициналық сараптама орталығына жеткізілді, солардың арасынан 7 адамның сүйегі анықталды деп хабарлады.

Қазаға ұшырағандар қатарында Қазақстанның алты азаматы мен экипаждың үш мүшесі бар деді ТЖМ.

25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға жолаушы апара жатқан Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағы Ақтау маңына құлаған. Әуе компаниясының дерегінше, ұшақта экипаждың бес мүшесі болған. Сәрсенбіде оның екеуі апаттан қаза болып, үшеуі тірі қалған деп айтылған еді.

Ұшақ апатынан 29 адам аман қалған, оның ішінде 3 бала бар.

Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer E-190 жолаушы ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушылар. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл. Қазақстанның ТЖМ министрлігі жариялаған фото.
Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer E-190 жолаушы ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушылар. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл. Қазақстанның ТЖМ министрлігі жариялаған фото.
12:48 26.12.2024

Премьер Бектенов Қазақстан ұшақтарының қауіпсіздігін тексеруді тапсырды

Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов елдегі авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Бектенов бұл жөнінде Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апатына байланысты құрылған үкімет комиссиясының жұмысын тыңдағанда айтқан.

"Бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді. Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу және әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралар аясында отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамасын және құзыретін қайта тексеру керек. Сондай-ақ әуе оқиғаларына жедел ден қою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет", – деген Бектенов.

2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы әуежайы маңында қазақстандық Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты. Ұшақта 98 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. ТЖМ таратқан сурет.
2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы әуежайы маңында қазақстандық Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты. Ұшақта 98 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. ТЖМ таратқан сурет.

25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға жолаушы апара жатқан Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағы Ақтау маңына құлаған. Ұшақта барлығы 67 адам болған. Апат салдарынан 38-і қаза тауып, 29-ы тірі қалған. арасында 3 бала бар.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажында бес адам болған. Оның екеуі мерт болып, үшеуі тірі қалған.

13:34 26.12.2024

Құлаған ұшақтың фюзеляжындағы тесіктер қалай пайда болды?

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан кейін түсірілген видеолардан құлаған ұшақтың құйрығында диаметрі әртүрлі тесіктер анық байқалады. Бұлар қайдан пайда болды? Әлдебір сырттан тиген "атыс элементтерінің ізі" болуы мүмкін деген болжамдарға негіз бар ма?

Қазақстан үкіметі құрған комиссияның жетекшісі, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев:

"Мерзімінен бұрын мәлімдеме жасай алмаймын. Тиісті жұмыс пен сараптама жүргізетін мамандар бар", – деді.

"Настоящее время" арнасы әскери сарапшылардан сұрап көрді.

Ақтау маңына құлаған жолаушы ұшағының құйрығында диаметрі әртүрлі әлдебір тесіктер қалғаны байқалады. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.
Ақтау маңына құлаған жолаушы ұшағының құйрығында диаметрі әртүрлі әлдебір тесіктер қалғаны байқалады. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.

Ян Матвеев, әскери сарапшы:

"Бұл зениттік зымыранның атыс элементтері болуы мүмкін деген болжам айтылады. Бұған қатысты менің өзімде де күмән бар, себебі ол із мардымсыздай көрінеді. Себебі әдеттегі зенитті ракетаның атып түсіретін элементі көбірек болуы тиіс. Ал егер ол "Панцирь-С1" сияқты шағын зениттік ракета болса әрі ол ұшақтан біраз алыс жерде жарылса және оның жарықшақтары жетсе, онда көрініс шамамен осындай болған болуы мүмкін. Ал құстар соғылған деген тым ақылға қонбайтын сияқты. Дегенмен әлдебір баллон жарылды деген де сөз болды. Жолаушылардың өздері, кейбіреуі бір, кейбірі тіпті ұшақтың сыртынан жарылыс дыбысын естігенін айтты. Бұл да зенит ракетасы қолданылған дегенді айғақтауы мүмкін. Бірақ зенит ракетасы тиді деген нұсқаны 100 пайыз растайтын ақпарат жоқ".

Роман Свитан, Украина қарулы күштерінің запастағы полковнигі:

"Панцирь" де, басқа бірнеше зенит-зымыран кешені де үлкен әуе шабуылы болып жатқанда автоматты режимде жұмыс істеуі мүмкін. Қарсы жақтың нысандарын анықтайтын жүйе өшіп тұрса, азаматтық нысандарға да атылуы ғажап емес. Бұл жағдайда дәл солай болған болуы да мүмкін. Шынымен солай болды ма, оны жақында жүргізілетін сараптама көрсетер. Зенит-зымыран кешенінің жойғыш элементтері ерекше, олар салонда, соның ішінде ұшақ креслосында қала береді. Алдағы бірнеше күнде, тіпті сараптаманың алғашқы күндері-ақ бұл анықталуы мүмкін".

Толығырақ мына мақаладан оқыңыз:

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG