Accessibility links

Ақтау маңында жолаушы ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушылар. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.
Ақтау маңында жолаушы ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушылар. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.

Ұшақ апаты: 38 адам қаза тапты. 29 жолаушы ауруханаға түскен

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының маңына жолаушы ұшағы құлады. Ресми дерекке сай, Бакуден Грозныйға бара жатқан ұшақта барлығы 67 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Грозныйда тұман болғандықтан ұшақ әуелі Махачқалаға, кейін Ақтауға қонбақшы болған.

14:33 25.12.2024

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі шұғыл байланыс телефон нөмірлерін жариялады:

– басқару орталығы: +7 (7172) 55-96-21;
– Ақтаудағы телефон: +7 (7292) 31-90-91.

Қазақстан көлік министрлігі Ақтау қаласындағы әуежай әдеттегідей жұмыс істеп жатыр деп хабарлады.

Ақтау қаласының әуежайы. Фото aktau-airport.kz сайтынан алынды.
Ақтау қаласының әуежайы. Фото aktau-airport.kz сайтынан алынды.
14:43 25.12.2024

Ресейде жүрген Әзербайжан президенті ұшақ апатына байланысты шұғыл еліне қайтты

Ресейдің Санкт-Петербург қаласына 25 желтоқсанда өтетін ТМД елдері саммитіне қатысуға барған Әзербайжан президенті Илхам Әлиев сапарын үзіп, шұғыл еліне оралуды ұйғарды деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Ол Әзербайжан үкіметінің шенеуніктеріне Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer E-190 жолаушы ұшағы құлаған Қазақстанның Маңғыстау облысына барып, апаттың мән-жайын анықтауды бұйырған.

"Көлік және цифрлық даму министрі, төтенше жағдайлар министрі, бас прокурордың орынбасары, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, мемлекеттік азаматтық авиация агенттігі директорының орынбасары, Azerbaijan Airlines компаниясының вице-президенті және өзге де салалық мемлекеттік органдардың өкілдері аттанды", — деп хабарлады Әзербайжанның APA ақпарат агенттігі.

14:55 25.12.2024
Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer E-190 жолаушы ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушылар. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.
Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer E-190 жолаушы ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушылар. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.

Ақтау маңында құлаған жолаушы ұшағының экипаж мүшелерінен ешкім тірі қалмаған. Бұл туралы Әзербайжанның төтенше жағдай министрлігі хабарлады. Бұған дейін Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer E-190 ұшағының экипажы бес адам екені айтылған еді.

15:47 25.12.2024

25 желтоқсанда маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаевты полиция ұстады. Бұл жөнінде блогер Facebook-тегі парақшасында хабарлап, өзін полиция басқармасына апара жатқанын айтты.

Азамат Сәрсенбаев сол күні Ақтау маңына Әзербайжанның Embraer E-190 жолаушы ұшағы құлаған жерді фотоға түсірген. Блогер өзін полиция осы үшін ұстаған болуы мүмкін деп топшылайды.

Кейінірек Маңғыстау облыстық полициясының баспасөз қызметі Азамат Сәрсенбаев ұшақ апаты болған жерде "дрон ұшырып, құтқарушылар жұмысына кедергі келтіргені" үшін ұсталды деп хабарлағанын The Village Қазақстан басылымы жазды. Полиция өкілдері блогерге "заңға сәйкес шара қолданылатынын" айтқан.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG