Accessibility links

Абай қай күні туған?


Алматыдағы Абай ескерткіші.
Алматыдағы Абай ескерткіші.

Қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 165 жыл толып отыр. Алайда, Абайдың туған күні төңірегіндегі дау-дамай әлі толас таппай келеді. Азаттық радиосы абайтанушылардың деректеріне сүйене отырып, данышпан ақынның нағыз туған күнін анықтауға тырысқан еді.



Абайтанушылардың бір бөлігі Абайдың туған күні 23 тамыз екенін айтады. Келесі бір абайтанушылар ақынның туған күні 10 тамыз дегенді алға тартады.

Кейбір абайтанушылардың пікірінше, ұлы ақынның туған күні Совет өкіметі орнағаннан кейін енген жаңа күнтізбе бойынша, 10 тамыз болып кеткен және ЮНЕСКО көлемінде тойланған Абайдың 150 жылдығында 10 тамыз болып белгіленген.

Алайда, Абайдың нақты туған күні 23 тамыз деген белгілі абайтанушылар осы күнді оқулықтарға және абайтануға енгізу қажет деген пікір айтады.
XS
SM
MD
LG