Accessibility links

Жаңаөзенде мыңдаған мұнайшы наразылық білдірді


Бұрғылау компаниясының жұмысшылары ереуіл кезінде. Жаңаөзен, 20 наурыз, 2009 жыл.
Бұрғылау компаниясының жұмысшылары ереуіл кезінде. Жаңаөзен, 20 наурыз, 2009 жыл.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мыңдаған жұмысшысы жұма күні таңертең жұмысқа кірісуден бас тартты. Олар өндіріс жұмысын бір жарым сағатқа тоқтатып қойып, басшылықпен кездесуден кейін ғана істеріне кірісті.


БАСТЫ ТАЛАП – ЖАЛАҚЫ

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының мыңдаған жұмысшысы 23 қазан күні таңертең сағат 8-дегі вахтаға шығудан бас тартты. Өндіріс бір жарым сағатқа тоқтады.

Кәсіпорын жұмысшысы Совет Төкеновтың Азаттық радиосына хабарлауынша, жұмысшылардың таңертеңгі наразылық жиынына 2
Біз үш айдан бері жалақыға қосып берілетін сыйақыны ала алмай келеміз. Айлықтың толық әрі уақытылы төленуін талап еттік.
мыңнан астам мұнайшы жиналған. Мұнайшылар компания басшылығы мен қала билігіне бірқатар талаптар қойған.

– Біз үш айдан бері жалақыға қосып берілетін сыйақыны ала алмай келеміз. Айлықтың толық әрі уақытылы төленуін талап еттік. Мұнайшылар істен шыққан техниканы сырлап өндіріске жаңа құрылғы ретінде қайта қосатындығын да жасырып қалмады. Осындай олқылықтарға жауапты компания басшылығы жұмыстан кетсін деген талаптар қойылды, – деді Төкенов.

Оның айтуынша, жұмысшылардың наразылық жиыны бейсенбі күні жұмыстан кейін басталыпты. Мұнайшылар басшылықтың келуін талап еткен.

– Жұмысшылар кеше қанша шақырғанымен «Өзенмұнайгаз» басшысы Дауылбай Әбілханов келмеді. Бүгін жұмыс тоқтатылғаннан бір сағаттан кейін ғана директор жұмысшылармен кездесті. Қазанның 27-і күні кездесу болады, сол кезде есеп беріледі деген соң ғана мұнайшылар жұмысқа кірісті, – деді Төкенов.

МҰНАЙШЫЛАР ӨЗ ТАЛАПТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ

«Азат» партиясының Жаңаөзен қалалық бөлімінің төрағасы Ақжанат Әминовтың айтуынша, «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары өз талаптарын бұған дейін қала әкімшілігіне, мәслихат депутаттары мен компания басшылығына қойған.

– Олар өз жауаптарын қазанның 21-і күні беруге уәде еткен болатын. Бірақ белгіленген күні ешкім келмеді. Осы жағдай жұмысшылардың
Олар өз жауаптарын қазанның 21-і күні беруге уәде еткен болатын. Бірақ белгіленген күні ешкім келмеді. Осы жағдай жұмысшылардың ашу-ызасын туғызып отыр.
ашу-ызасын туғызып отыр, – деді Әминов.

Бұдан бөлек, компания жұмысшылары өздерінің айлық-жалақы жағдайы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорынының «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның құрамына кіргізілгелі бері күрт нашарлады деп есептейді.

Соған байланысты олар «Өзенмұнайгаздың» «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясына тікелей бағынатын 1997 жылғы ЖШС мәртебесін қайтаруын соңғы бірнеше жылдың көлемінде үздіксіз талап етіп келеді.

Азаттық тілшісі «Өзенмұнайгаз» компаниясының басшылығына хабарласқанда, хатшы компания директоры Дауылбай Әбілхановтың орнында еместігін, ал директордың орынбасары Амантай Әншібаевтың бізбен сөйлесуге уақыты жоқ екендігін жеткізді.
XS
SM
MD
LG