Accessibility links

Рамазанның кейбір дәстүрлеріне жаһандану әсер етіп жатыр


Барбари деп аталатын дәстүрлі нан ұстаған ирандық әйел. Теһран, 16 тамыз 2010 жыл.
Барбари деп аталатын дәстүрлі нан ұстаған ирандық әйел. Теһран, 16 тамыз 2010 жыл.

Рамазан айында тұтынушылар белсенділігі артады, күтпеген жанжалдар шығып, саяси сауда қызады. Бұл күндері әр елде әртүрлі тосын дәстүрлерді байқауға болады.


РАМАЗАН КЕЗІНДЕГІ БИЗНЕС

Рождествомен салыстырғанда Рамазан айында тұтынушы белсенділігі бәсеңдеу болғанымен, христиандардың сол мерекесінен кейінгі екінші орында тұр. Сөз жоқ, мұсылман әлемінде Рамазан айында мемлекеттік тапсырыс аздау болғандықтан, өндіріс те біршама бәсеңдейді, деп жазады Вали Наср Американың «Форин полиси» журналында.

Рамазан айында Стамбулдағы сауда орталықтары адамға лық толады. Бұл қасиетті ай - Эр-Риядтағы люкс класты автомобильдер дилерлері үшін де сауданың ең қызатын тұсы.

Рамазан айында фаст-фуд желілері де тағамдарын түнге қарай ұсынады. Мысалы, мысырлықтар бұл айда азық-түлікті әдеттегіден екі есе көбірек сатып алады. Ауызашар кезінде жұрт тамақ ішу үшін үйлеріне еріксіз жиналатындықтан дәл осы уақыттан бастап таң атқанға дейін телебағдарламалар жыл бойындағы ең жоғары рейтингтерін жинайды. Араб телеарналары жарнамадан түсетін қаржының 25-30
Ораза кезінде ауызашар алдында намаз оқып отырған мұсылман. Қабул, 1 қыркүйек 2009 жыл.
пайызын Рамазан айында табады.

Тіпті Аустралияның өзінде экономикалық өсім күрт артады. Рамазан айында мұсылмандар қой сойып, мұқтаж жандарға тарататындықтан, осы қасиетті мереке қарсаңында Аустралияда қой экспорты 77 пайызға дейін көбейеді.

Әр елдердің ораза тұтуға байланысты өз ерекшеліктері бар. Мысалы, Индонезияның Ачех провинциясында ораза тұтпағандарға дүре соғылады. 2009 жылдан бастап Мысырдың ішкі істер министрлігі Рамазан айына байланысты жарлықты басшылыққа алатын болды. Оған сәйкес, осы қасиетті айда күндіз тамақтану қылмыс деп саналады.

Бірақ діни пайымдау үнемі бейбітшііліктің баламасы бола бермейді. Мысалы, Ирақта Рамазан айында сектанттық зомбылық пен америкалық әскерилерге шабуыл үдей түскен. Мұндай оқиғалар ең көп тіркелген 2007 жылы шабуылдар саны 1400-ден асқан.

ЖАҺАНДАНУ РАМАЗАНДЫ ӨЗГЕРТТІ

Қазіргі кезде батыста тұрып жатқан 45 миллион мұсылман үшін діни қағидаларды қатаң ұстану - өздерінің жеке басының шаруасы. Рамазан айында олардың жұмыстары жеңілдетілмейді. Ораза ұстайтындардың жанындағылар да күні бойы ішіп-жеумен болады.

Осындай оқшауланып қалған мұсылмандарға кеңес беретін онлайн-гидтер пайда болды. Ал ықпалды дінбасылар Таяу Шығыстан тысқары жерлерде тұратын мұсылмандар үшін арнайы оқулықтар жасап шығарды.

Сонау 1970-жылдары белгіленген ережелер географиялық жағынан солтүстік ендіктен 64 градус солтүстікке қарай тұратын
Қажылық зиярат ету үшін Әл Харам мешітіндегі Қағбаның жанына жиналған мұсылман жамағат. Мекке, 18 қараша 2009 жыл.
мұсылмандар үшін (бұл жерлерде жаз айларында күн ешқашан батпайды) оразаны Меккенің немесе өзге бір оңтүстіктегі қалалардың уақыты бойынша ұстауға рұқсат береді.

РАМАЗАН КЕЗІНДЕ АВТОКРАТТАР БЕДЕЛ ЖИНАУҒА ТЫРЫСАДЫ

Зайырлы елдердегі диктаторлар бұл мерекені өздерінің діни беделін нығайту үшін пайдаланады. Кезінде Сапармұрат Ниязов Рамазан айында 8145 тұтқынға рақымшылық жасаған болатын. 2005 жылы Дамаскіден Алжирге дейінгі елдердегі автократтар осындай сценариймен жұмыс істеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын мұсылмандарды қасиетті Рамазан айы біткен кездегі Ораза айт мейрамымен құттықтап, әдетте астанадағы «Нұр-Астана» мешітіне барады. Алматы облысындағы топан судан зардап шеккен Қызылағаш ауылына да президент Назарбаев қасиетті Рамазан айының үшінші күні барды.

Қазақстанның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі ел кәсіпкерлеріне қасиетті Рамазан айында азық-түліктің, тауарлардың және түрлі қызметтердің бағаларын арзандатуға шақырды.

Билігінің соңғы кезеңінде өзін исламшыл ретінде көрсеткісі келген Саддам Хусейн Иран-Ирақ соғысы уақытында Рамазан айында екі рет Иран жерін атқылауды тоқтатуға ұсыныс жасады.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс 2008 жылы Рамазан айында Ливияға барғанда Муаммар Каддафи «ораза кезінде әйелдердің қолынан ұстауға болмайды» деп, оның қолын алудан бас тартыпты. Бірақ Каддафидің оққағарлары - негізінен амазонкаларға ұқсайтын әйелдер.
XS
SM
MD
LG