Accessibility links

Азап шеккенін дәлелдеу үшін босқын дәрігердің қағазын көрсетуі тиіс


Алматы қаласы бойынша көші-қон департаментінің басшысы Гүлсара Алтынбекова. 9 тамыз 2010 жыл.
Алматы қаласы бойынша көші-қон департаментінің басшысы Гүлсара Алтынбекова. 9 тамыз 2010 жыл.

Биылдан бастап Қазақстанда «босқын» мәртебесін беру ісімен мемлекеттік органдар айналысады. Азаттық радиосына берген сұхбатында Алматы қаласы бойынша көші-қон департаментінің директоры Гүлсара Алтынбекова «Босқындар туралы» заң күшіне енгеннен кейінгі өзгерістер жайында әңгімелейді.


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ІС-ШАРА

– Гүлсара ханым, «Босқындар туралы» заң қабылданғаннан кейін БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитеті басқармасының Қазақстандағы өкілдігі өзінің негізгі өкілеттігін Қазақстан билік орындарына, нақтырақ айтқанда, көші-қон департаментіне берді. Бұл өзгерістер өзін-өзі қаншалықты ақтады?

– Бүкіл әлемде қалыптасқан мынандай тәжірибе бар: босқын мәртебесін беру мен оның шарттарын кез келген мемлекет өзі белгілейді. Біз 1999 жылы «Босқындар мәртебесі туралы» Вена конвенциясына қосылдық және соған сәйкес халықаралық міндеттемелердің бәріне қол қойдық.

Бұрынырықта Қазақстанда қолданыста болған «Халықтың көші-қоны туралы» заңында босқындар туралы тым аз айтылған еді. Ол заңда босқын ретінде танудың негізгі өлшемдері болған жоқ. Сол себепті де, «Босқындар туралы» жеке заң қабылдаудың қажеттілігі туындады. Ол көп жылдар бойы, ұзақ қарастырылды, ақырында 2009 жылы қабылданды.

Заң қабылданған сәттен бастап Қазақстан өзіне нақты міндеттемелер алды. Наурыз айында сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитеті басқармасының Қазақстандағы өкілдігі мандаты бар босқындардың нақты бір бөлігін мемлекеттік органдардың қарауына беру туралы келісім жасады.

Осы арада мына бір жайтты айқындай кеткен жөн: босқындардың екі түрлі анықтамасы бар – конвенциялық және мандатты. Конвенциялық, немесе біздің айтып жүргеніміздей, мойындалған босқындар, бұларды мемлекеттік органдар заңдық тұрғыда босқын деп таниды. Мандатты босқындар, бұлар – БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінің біздің еліміздегі өкілдігінен мандат алғандар.

Бүгінде Қазақстан босқын мәртебесін беру тәртібін заң негізінде өзі анықтайтындығы толықтай қисынды. Сондықтан да мамырдың 1-інен бастап, біз пана іздеп жүрген адамдар мен БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитеті Қазақстандағы өкілдігінің кепілдемесімен бізге жіберілген мандатты босқындардан өтініш қабылдауды бастадық.

– Осы уақытқа дейін қанша өтініш қабылданып, қаншасы кері қайтарылды? Және күні бүгінге дейін қанша адам босқын мәртебесін алды?

– Бірінші жарты жылдың ішінде Қазақстандағы мойындалған босқындардың Алматы бойынша ұзын-саны қазір 501 кісі. Оның 197-сі отбасы да, қалғаны – жекелеген адамдар. Бірінші жарты жылда БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитеті Қазақстандағы өкілдігінің берген қағазымен қосымша тағы 151 отбасы өтініш білдірді. Олардың ішіндегі мандатты босқындар – 62 отбасы, яғни 226 адам. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінің жолдамасымен, пана іздеп келгендер – 52 отбасы, бұл 110 адамды құрайды. Ал өз бетімен келгендер – 37 отбасы,121 адам. Бұлар, негізінен, Қырғызстаннан келген отбасылар.

Күні бүгінге дейін 43 отбасының, былайша айтқанда, 125 адамның өтініші қарастырылды. Мұның ішінде ұзын-саны 20 адамды құрайтын алты отбасы босқын деп танылды. Мандатты босқындар қатарында – екі отбасы бар, бұлар – 11 адам. Сондай-ақ, өз бетімен, дербес түрде келгендердің қатарында төрт жанұя, яғни тоғыз адам бар. Ал «босқын» мәртебесін беру туралы 41 отбасының тапсырған өтініші қанағаттандырылған жоқ. Өтініші кері қайтарылғандардың ішінде әртүрлі босқындар, яғни өз бетімен келгендері де, конвенциялықтары да, мандаттықтары да бар.

БАС ТАРТУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ

– Мекемелеріңізге өтінішпен келген адамға босқын мәртебесін қандай талап-өлшемдер бойынша бересіздер? Қандай жағдайларда бас тартасыздар?

– Бас тартудың себептері әртүрлі. Бізге экономикалық жағдайлармен келетін отбасылар да болады. Яғни, экономикалық мигранттар. Мұндағы мәселе, қабылданған «Босқындар туралы» заңның экономикалық мигранттарға жүрмейтіндігінде. Істі қарап отырған кезіңде, кейбір адамдардың Қазақстанда екі-үш жыл болып, бизнеспен, саудамен, басқа да жұмыстармен айналысқаны анықталады.

Қазір бізде көші-қон тұрғысындағы заң жүйесі қатайып, шетелдіктердің Қазақстанға келу-кетуі бойынша бақылау күшейді. Сол себепті де,
Көші-қон полициясы тарапынан мәселе туындаған бойда, кез келген адам өзіне босқын мәртебесін беру туралы өтініш жазады. Ондай адамға босқын мәртебесін бере алмаймыз, өйткені ол босқын емес.
көші-қон полициясы тарапынан мәселе туындаған бойда, кез келген адам бізге немесе БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінің өкілдігіне барып, өзіне босқын мәртебесін беру туралы өтініш жазады. Артынша оның жылдар бойы осында жүргені, бізге тек соңғы уақытта ғана келгені анықталады. Ондай адамға босқын мәртебесін бере алмаймыз, өйткені ол босқын емес.

Жақында бізге Қырғызстанның Шу даласының этникалық орыстары өтініш жасады. Қонаққа келген оларға бұл жер ұнап қалған екен. Бірақ елдеріне қайту уақыты таяп қалғандықтан, босқын ретіндегі мәртебелерін ұзартуымызды сұрады. Әрине, біз оны ұзарта алмаймыз.

Тағы бір жағдай болды. Бізге Қырғызстанның ұлты ұйғыр азаматшасы келіп, ұлтына байланысты Қырғызстанда өзіне жұмыс берілмей жүргендігін мәлімдеді. Мән-жайды тексере келгенімізде, қыздың небәрі 20 жаста екендігі анықталды. Мектепте бітіргеннен кейде ешқайда оқымапты. Сол себепті де, барған жерінің бәрінен меселі қайтқан. Содан комиссияға бірден: «ұлты ұйғыр болғандықтан емес, ешқандай мамандығы жоқ болғандықтан да жұмысқа тұра алмаған болар» деген ой келді.

Нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, нақты бір әлеуметтік топқа немесе саяси сенімге қатысы барлығына байланысты, өз басына қуғын-сүргінге ұшырау жағдайы туындағанын білген адамның «босқын» ретінде танылатындығы біздің заңда түсінікті түрде, анық айтылған. Яғни ондай адам өз елінен қолдау күте алмайды және артындағы қауіп-қатерге орай, ондай көмекке жүгіне алмайды. Былайша айтқанда, әлдекім өтініш айтып келген бойда, біз бірден оның өз мемлекеті тарапынан мүмкін болған қорғау шараларын пайдаланған-пайдаланбағанын анықтаймыз. Және де кері қайтарылған өтініштердің бірқатарында жеке тұлғаның ондай мүмкіндікті пайдаланбағаны анықталады.

БҰРЫНҒЫ ДЕПУТАТТЫҢ МЕСЕЛІН ҚАЙТАРУ

– Гүлсара ханым, осы мәртебені беру тұрғысынан алғанда әлдеқандай айрықша шектеулер бар ма?

– Қазақстанның «Босқындар туралы» заңындағы екінші баптың екінші тармақшасында аталған заң күші Қазақстан аумағынан саяси баспана беруге байланысты жағдайда, сол сияқты, өз мемлекетін немесе тұрақты мекен-жайын экономикалық себептерге байланысты тастап кеткен адамдарға жүрмейтіндігі анық айтылған.

Соңғы жағдай туралы мына бір жайтты айта кеткім келеді. Аты-жөнін айтпаймын, өйткені бұл өте құпия. Жақында бізге Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы депутаты өтініш жасап, босқын мәртебесін алғысы келетінін айтты. Бірақ ол өтінішінде Қазақстан
Ол өтінішінде Қазақстан аумағында жүріп, Роза Отынбаева үкіметіне қарсы саяси шаралармен белсенді түрде айналысқысы келетінін айтты. Яғни ол митингілер мен дөңгелек үстелдер өткізіп, газет-журналдар шығармақ екен.
аумағында жүріп, Роза Отынбаева үкіметіне қарсы саяси шаралармен белсенді түрде айналысқысы келетінін айтты.

Яғни ол митингілер мен дөңгелек үстелдер өткізіп, газет-журналдар шығармақ екен. Оның өтінішін тіркеу кезінде біз оған мұндай іс-әрекеттің «Босқындар туралы» заң құзіретіне сәйкес келмейтіндігін ашық айттық. Осыны ұғындырған кезімізде ол өзінің бұл арада жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ екендігін түсінді. Содан кейін, менің білуімше, ол басқа мемлекетке кетті.

Соңғы кездері Қазақстанда экономикалық мигранттар көбейіп кетті, олардың арасында өзбектер де, Қырғызстан өкілдері де бар. Кезінде он адам бізден баспана іздеуші куәлігін алған болатын, бірақ әлдебір себептермен жоғалып кетті. Олармен ешқандай байланыс орната алмадық, телефондары сөндірулі, көрсетілген мекен-жайда тұрмайтын болып шықты. Өздері бізге келмей жүр.

Ондай куәліктерді біз үш айға береміз, куәлік алған адамдарды көші-қон полициясы басқармасында тіркейміз. Әлгі адамдар үш айлық куәлікті Қазақстан аумағында кәсіпкерлікпен айналысу үшін алды ма екен деген күдігіміз бар. Сол себепті де, соңғы уақытта қай жерде жүріп-тұрып жатқанын нақты бақылап отыру үшін, баспана іздеуші адамдарға берілетін куәлікті тек бір ай мерзімге ғана беретін болдық.

БОСҚЫНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ТЕКСЕРУ

– Қазақстандағы босқын мәртебесін беру барысында БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінің Алматыдағы сарапшыларының пікірін ескересіздер ме?

– Әрине. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінің Алматыдағы өкілдігі мен біздің департамент арасында тығыз байланыс орнатылған. Біз барлық шешімдерімізді халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен үйлестіріп отырамыз. Біздің комиссия жұмысына БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитеті мен адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро өкілдері атсалысып отырады.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінің Қазақстандағы басқармасы мандатты босқындар туралы жеке мәліметтерді белгіленген
Босқындар БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі ғимаратының алдында тұр. Алматы, 9 маусым 2010 жыл.
тәртіп бойынша өз уақытында ұсынып тұрады. Сондай-ақ, бұндай жұмысты атқару барысында заңдылықты сақтау мәселесі қатаң түрде бақылауда болады. Құқықтың бұзылуына және де көші-қон департаментіне өтініш айта келген, сонымен қатар, басқа мемлекеттерде ауыр қылмыс жасағаны үшін, құқық органдарының айыптауымен ұсталынған өтініш білдірушілерге қатысты күш қолдануға жол бермеу мәселесіне де бізде ерекше назар аударылады.

– Азаматтары баспана іздеп келген мемлекеттердің ресми ақпаратын қалай тексересіздер? Мәлімет алу үшін тағы кімге жүгінесіздер? Тәуелсіз ұйымдарға, құқық қорғаушыларға жүгінесіздер ме? Арнайы қызметтердің баспана сұраған адамдар жөнінде берген ақпараттарының шындыққа сәйкеспейтінін анықтаған кездеріңіз болды ма?

– Біз, негізінен, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінің Қазақстандағы басқармасының көмегімен тексереміз. Бізде басқа ақпарат жоқ. Басқа мемлекеттердің ішінде, жекелей алғанда, Өзбекстанмен, басқа да халықаралық келісімдер бойынша байланысымыз бар.

Мысалы, қылмыскерлерді өзара беру, қандай да бір істерді қарау барысындағы ықпалдастық. Егер олар әлдебір материалдарды бізге жіберсе, онда да белгіленген тәртіп бойынша, әрине, біз оларды қараусыз қалдыра алмаймыз. Құзіретті органдар сол материал бойынша әлдебір шешім қабылдауға тиісті.

Вена конвенциясында да, «Босқындар туралы» заңда да «келген жағында не азаматтық алған елінде, тыйым салынған діни ұйымдар мен террористік, экстремистік топтардың жұмысына қатысқан немесе қатысады» деп болжауға нақты дәлел болған жағдайда, бұл – баспана іздеушіге босқын мәртебесін беруден бас тартуға негіз болатындығы айқын айтылған.

ӨЗБЕК БОСҚЫНДАРЫ ЭКСТРАДИЦИЯЛАНҒАН ЖОҚ

– Гүлсара ханым, 9-11 маусымда, Алматыда, «босқын» мәртебесін алудан үміткерлерді жаппай ұстап, қамап қойды және олардың көпшілігі, туыстарының айтуынша, діни наным-сенімдері үшін өзбектің арнайы қызмет орындарынан қуғын көрген соң елінен қашқан Өзбекстан азаматтары болды.

Сонда қазақстандық заң органдары шетелдік азаматтардың «Мигрант» операциясы барысында тұтқындалғанын мәлімдеген еді. Аталған операцияны ылғи да ішкі істер министрлігі қызметкерлері жүргізіп келгені белгені. Бірақ Азаттық тілшісіне бұл операцияға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жетекшілік еткені хабарланды.

Тұтқындалғандардың көпшілігінде сіздердің мекемелеріңіз арқылы берілген тіркеу қағазы болған, ұсталған босқындардың 30-ға жуығы БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитеті берген, босқын мәртебесінен үміткер сертификатына ие. Сіз олардың қандай негізде ұсталғанын анықтадыңыз ба?


– 9 маусымда, «Мигрант» операциясы барысында 29 адам ұсталды. Олардың 28-і баспана іздеуші ретінде, көші-қон департаментінде, белгіленген тәртіп бойынша тіркелген. Кейіннен тағы бір адам қамалды. Сонымен қазіргі уақытта 30 адам тұтқында отыр. Олардың ішінде тек біреуі ғана біздің қамқорлығымызға алынғандардан емес. Өйткені бұл адам БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінің мандатын алғанымен өзі бізде тіркелмеген.

Оларды жаппай ұстай бастағаны біз үшін де жаңалық болды. Сөйтіп, істің мән-жайын анықтауды сұрап, құқық органдарына шықтық. Ақырында, оларды жаппай ұстауға өзбек тарапы ұсынған материалдар негіз болғаны анықталды. Оларды қамауға алу туралы прокурордың санкциясы болған және қазіргі уақытта бұл іс толықтай прокуратураның бақылауында.

Қазақстанға жіберілген мәліметтердің арасында, менің білуімше, олардың тіпті қарақшылық пен кісі өлтіруге, сондай-ақ, осындай ұйымдарға қатысы барлығы жөнінде айыптаулар бар. Бізде оларды елемеуге негіз жоқ. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінің Қазақстандағы басқармасымен бірлесе отырып, мұқият түрде шешім қабылданатын болады. Бізде олардың қазіргі жай-күйі туралы толық ақпарат бар.

Менде біздің құқық органдарымыздың іс-әрекетіне шағымданарлықтай ешқандай негіз жоқ. Бәрі құқықтық шеңберде жүзеге асуда. Мәселен, құрамында құқық қорғау ұйымдарының өкілдері болған біздің көшпелі комиссия тұтқындалғандардың ҰҚК Алматы қалалық департаментінің тергеу изоляторында екендігін анықтады. Олардың тарапынан ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Олармен өзім де сөйлестім, тамақтанулары жақсы, қанағаттанарлықтай жағдайда ұсталуда.

Қазақстандағы босқын мәртебесін беру жөнінде көші-қон департаментіне өтініш жасаған тұтқындар мәселесі бойынша шешім қабылдау шарасы әлі аяқталған жоқ. Қазір олармен мақсатты түрде әңгімелесу шарасы жүргізілуде және жақын арада олардың мәртебесін анықтау тұрғысында көшпелі комиссия жұмыс істейтін болады.

Әрине, мұның тұтқындалғандардың отбасы үшін қандай бір нақты лаңдаушылық туғызуы мүмкін екендігін мен түсінемін. Олар маған келді де, менің атыма арыз да жазды, бірнеше рет осында ереуіл де ұйымдастырды. Оларға сондай жаным ашиды, бұл – олардың өміріндегі өте ауыр кезең. Қазір біз БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетімен бірлесе отырып, бұл істі өте мұқият, үлкен ыждаһаттылықпен және жан-жақты қарастырып жатырмыз. Және мен Қазақстанның заңдық жүйесіне сәйкес дұрыс шешім қабылданатынына сенімдімін.

– Гүлсара ханым, өз мекемеңіздің бақылауына алынған осы адамдардың тұтқындалуына арнайы қызмет өкілдерінің қатысы бар екендігін сіз алдын-ала білдіңіз бе? Неліктен бұл операцияға ҰҚК өкілдері қатысты?

– Біз – мемлекеттік ұйымбыз, Алматы қаласы бойынша көші-қон департаменті дербес түрде жұмыс істейді. Күш құрылымдары тарапынан бізге айтарлықтай тапсырыстар болмайды.

– Өзбекстанның Алматыда болған мандатты босқындары көші-қон департаменті қызметкерлерінің өздеріне дөрекілік көрсетіп, діни сенімдерін қорлағаны, «уахабист», «радикал», «экстремист» деп, тіркеуге алудан бас тартқандықтары туралы әлденеше рет мәлімдеген еді. Бұндай айыптаулар қаншалықты негізді?

– Босқын мәртебесін беру жөніндегі комиссия жұмысына БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінің Қазақстандағы басқармасы мен адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро өкілдері қатысады. Комиссия отырысында өтініш білдіруші адамдарға олармен жүргізілген жұмыс сапасы, яғни қабылдау, алдын-ала әңгімелесу, арызын тіркеу, кеңес беру, баспана іздеуші адамдармен көші-қон департаменті қызметкерлерінің мақсатты түрде жүргізген әңгімесі жөнінде сұрақтар қойылады.

Сондай-ақ, сұрақ қағазында өтініш білдірушінің біздің қызметкерлерге қатысты арыз-шағымы жөнінде де жазылады. Күні бүгінге дейін көші-қон департаменті қызметкерлері тарапына, мейлі ауызша, мейлі жазбаша болсын, айтылған арыз-шағым мен ескертпелер болған емес. Комиссия отырысы кезінде біз үнемі өз қызметкерлеріміздің тарапына айтылар арыз-шағымның бар-жоғын сұраймыз. Және баспана іздеуші адамдар ылғи да: «жоқ» деп жауап береді.

Байқаған шығарсыз, бізде кілең әйелдер жұмыс істейді. Бізде біреуді қорлай алатындай адамдар жоқ. Баспана іздеуші адамның қандай діни сенімді ұстанатыны біздің қызметкерлерімізге бәрібір. Бізге «Иегово куәгерлері» ұйымының жолын ұстанушылар да келген, бізде, тіпті,
Байқаған шығарсыз, бізде кілең әйелдер жұмыс істейді. Бізде біреуді қорлай алатындай адамдар жоқ. Баспана іздеуші адамның қандай діни сенімді ұстанатыны біздің қызметкерлерімізге бәрібір.
Мәскеуден келген, ұлты орыс, бірақ мұсылман дінін қабылдаған екі босқын да, сондай-ақ, басқа ағымдарды ұстанушылар да бар.

Біздің қызметкерлеріміздің дінге төзімділікпен қарауы өте жоғары деңгейде. Бізді тек ол адамдардың басындағы жағдай мен олардың мұнда қандай себептермен тап болғандығы ғана қызықтырады. Біз ешқашан әйелдердің мұнда келгенде хиджабын шешуін талап етпейміз. Қоятын жалғыз талабымыз, суреттегі түрімен сәйкестігін анықтау үшін, бізге келгенде олар жүзін көрсетулері тиіс. Бірақ бұл шара тек әйел адамның қатысуымен ғана жүзеге асырылады. Әйел түрін көрсетеді, біз суреттегі кескінімен салыстырамыз, сосын ол қайтадан жүзін бүркеп алады.

Қазақстаннан баспана іздеп келгендерге біз өз мүмкіндігімізге сай, барынша көмектесуге тырысамыз. Біздің бүкіл қызметіміз тегін, қандай да бір анықтама қағазын беру барысында ешқандай төлемақы ұстамаймыз. Бізде төтенше жағдай бойынша телефон бар. Баспана іздеп жүрген адам ұсталған жағдайда да бізге қоңырау шалып жатады. Күн болсын, түн болсын, біздің қызметкерлеріміз олардың ұсталған жеріне барады. Егер ол босқынның іс-әрекеті Вена конвенциясы мен Қазақстан заңдарының аясына сай келген жағдайда біз оның босатылуына күш саламыз.

Біздің заңдарымызға сәйкес, босқындар кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы. Көпшілігі саудамен айналысады. Біздің босқындардың екеуі дәрігер болып қызмет етіп жүр, бір босқын сауда-өндірістік палатасында басшылық қызметте жұмыс істейді. Біздің көші-қон департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, кепіл етілген тегін медициналық көмек шеңберінде медициналық қызмет көрсету жөніндегі бұйрыққа қол қойды.

Біз босқындар балаларының мектептерде оқуын талап етеміз, өйткені Қазақстан заңы жалпыға бірдей орта білім алуды міндеттейді. Егер білімдерін ары қарай жалғастырғылары келсе, біз оларға жеңілдіктердің жасалуын сұраймыз. Мен Қазақстандағы босқындар Вена конвенциясына сәйкес, өздеріне тиісті қамқорлық шараларының барлық түрін пайдаланып отыр деп есептеймін.

АЗАПТАУ ОҚИҒАЛАРЫ

– Құқық қорғаушылар Өзбекстанда, негізінен, діни сенім иелері мен өзгеше көзқарастағы адамдар азапталатыны жөнінде әлденеше рет айтқан болатын. Тура осы санаттағы адамдар Қазақстаннан баспана іздеп келіп жатыр. Босқын мәртебесінен үміткердің өтінішін қарау барысында, сіздер Өзбекстанда оның азапталған немесе азапталмағандығын есепке аласыздар ма?

– Егер бізге өтініш білдірген адам әлдебір зорлық-зомбылыққа, азап пен қорлауға душар болдым десе, біз одан азап көргені жағдайларына қатысты сурет, дерек сияқты айғақтық нәрселер мен басқа да тиісті материалдарды ұсынуын сұраймыз. Жекелей алғанда, бізге осындай мәселемен Ауғанстаннан босқындар келді. Сөйтіп, ұрып-соғудың іздері мен түрлі қорлау белгілері таңбаланған фотосуреттер ұсынды. Біз мұндай нәрселерді үнемі іске қосамыз және кешенді түрде қарастырамыз.

Өзбек босқындарының ісі бойынша әзірге азаптап, зорлық-зомбылық жасалғанын айғақтайтын бірде-бір деректі дәлел жоқ. Өзге бір мемлекеттің саяси жүйесін талқылау біздің өкілеттігімізге жатпайды. Бұл жөнінде түсінік беруден тартынамын. Бірақ егер де адам өзін босқынмын деп санаса және өзіне әдеттегіден тыс қарым-қатынас жасалды деп шағымданатын болса, әрине, сурет, дәрігердің қортынды қағазы сияқты қандай да бір нақты дәлелдерді ұсынуы тиіс.

– Гүлсара ханым, сұхбатыңызға рақмет.
XS
SM
MD
LG