Accessibility links

Ислам Каримов Пан Ги Муннан адам құқықтары мәселесі бойынша өзін мазаламауды өтінді


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесуде. Ташкент, 5 сәуір 2010 жыл.
БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесуде. Ташкент, 5 сәуір 2010 жыл.

Тікұшақтан Арал теңізінің ахуалын көрген БҰҰ-ның басшысы Пан Ги Мун бұл көрініс өзінің еңсесін езіп жібергенін айтты. Ол Орталық Азия елдері басшыларын экология мен су тапшылығы мәселесін өзара күш біріктіре отырып реттеуге үндеді. Ал оның адам құқығын құрметтеу туралы сөзі Өзбекстан президентінің шамына тиді.


КЕДЕЙЛІК ШЕГІНЕН ДЕ ТӨМЕН

Кезінде көлемі бойынша әлемде төртінші орын алған Арал теңізінің көлемі бүгінде 90 пайыздайға азайып кеткен. Себебі, оған құятын өзендердің суы совет үкіметінің шешімі бойынша бұл қуаңшылық жайлаған аймақтағы мақта алқаптарына апаратын арналарға бұрып әкетіліп, ағызылған болатын деп жазады «Таймс оф Индия» газеті.

Көл суының булануынан тұзды құм түзіліп жатыр. Бұл құм желмен бірге көтеріліп, тіпті кейде Скандинавия мен Жапонияның жеріне дейін жетіп, жауып жатады. Аталған құм түзілу процесі Арал аймағының тұрғындарына да көп ауыртпалық әкеліп, олардың әртүрлі
БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Арал теңізіндегі бұрынғы портты қала Мойнақтағы «кемелер зиратында». 4 сәуір 2010 жыл.
сырқатқа шалдығуына себеп болуда.

БҰҰ басшысы Пан Ги Мун сәуір айының 4-күні Арал теңізін тікұшақпен айнала ұшып шықты.

«Көл орнында мен кемелер қорымынан өзге ештеңе байқай алмадым. Бұл әлемдегі ең сорақы экологиялық апаттың бірі екен. Теңіздің түрін көріп мен шошып кеттім», – деп мәлімдеді ол тілшілерге Өзбекстан құрамындағы автономиялық республика – Қарақалпақстанның астанасы Нүкісте болған кезінде деп атап көрсетеді газет.

Арал аумағы Қазақстанның ең кедей аймақтарының қатарына жатады деп жазады Рейтер агенттігі. Аймақта тұратын әрбір төртінші тұрғын кедейлік шегінен де төмен әлеуметтік ахуалда өмір сүріп жатыр. Ресми дерек бойынша, мұндағы адамдардың орташа айлық кірісінің көлемі елдің қаржылық орталығы Алматыдағымен салыстырғанда үш еседей аз.

СУ ТАПШЫЛЫҒЫ

Орталық Азияда өзен суларын бөлісу әлі де күрделі мәселе боп қалып отыр деп атап көрсетеді Рейтер өзінің тағы бір хабарламасында. Орталық Азия дүние жүзіндегі қуаңшылық зардабын ең қатты тартып отырған аймақтар қатарына енеді. Суды көп қажет ететін дәнді дақылдар мен мақта өсіру бұл өңірдің саны 60 миллионды құрайтын халқының басым бөлігі үшін басты нәпақа табу көзі болып табылады.

Тәжікстанға барған сапары барысында, БҰҰ жетекшісі Орталық Азия мемлекеттері басшыларын ортақ мәселелерді келіссөз арқылы реттеуге үгіттеді.

«Мұнай, әлде табиғи газ не су болсын, бәрібір, бұл ресурстар лайықты түрде, көрші елдердің мүддесін құрметтей отырып пайдаланылуы тиіс», – деп мәлімдеді Пан Ги Мун.

Биыл бұрынғы ССРО құрамына кірген елдер ішіндегі ең кедейі деп саналатын Тәжікстан Рогун су электр станциясының құрылысын аяқтау туралы жоспарының бар екенін жария етті. Ол станцияны салу құны 1,5 миллиард доллар шамасында болады.

Тәжікстан аталған станцияны тұрғызу республикадағы электр энергиясының ұдайы сезіліп отыратын тапшылығынан құтылуға мүмкіндік береді деп үміттенеді. Мұндай шешім мақта өсірумен айналысатын көршілес Өзбекстанның қарсылығын тудырды. Себебі, Өзбекстан аталған құрылыс салынса, өз аумағындағы өзендердің суы азайып кете ме деп қауіптеніп отыр.

ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҚАУПІ

Сонымен қатар, Өзбекстан Рогун су электр станциясы тәрізді жаңа нысандар арқылы Тәжікстан мен Қырғызстан өзіне саяси қысым көрсету құралына ие бола ма деп те қауіптенеді. Өйткені, мұндай нысандар Тәжікстан мен Қырғызстанға Өзбекстан өзендеріндегі судың
Бішкек әуежайында БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунды қарсы алу. 3 сәуір 2010 жыл.
көлемін азайтып жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған мәселеге Пан Ги Мун де тоқталды. Ол аймақ елдерінің биылғы жылдың соңына таман жасалатын Дүниежүзілік банктің жобаға жүргізетін «тәуелсіз әрі әділетті» сараптамасының нәтижесін күткені маңызды деді.

«Тәжікстан мен Өзбекстанды қоса алғанда, аймақ елдерінің барлығының басшылары бұл Дүниежүзілік банктің техникалық бағалауының қорытынды нәтижесін есепке алып, оған құрметпен қараулары керек», – деп атап көрсетті БҰҰ басшысы.

Жобаны іс жүзіне асыруға қаражаты жетпегендіктен Тәжікстан Рогун су электр станциясының акцияларын жұртшылыққа тікелей сату арқылы қаржы жиюды қолға алды. Мұндай шара орташа айлық табысы небәрі 70 долларды құрайтын көптеген қарапайым тәжіктердің шамына тиіп отыр деп түсіндіреді ол елдегі ахуалды «Рейтер».

«Франс 24» сайты Рогун су электр стансасын салу Өзбекстан үшін аса маңызды елдегі мақта өнеркәсібіне зияны тие ме деп Ташкенттің қауіптеніп отырғанын тілге тиек етеді. Бұл мемлекет бастауын Тәжікстан мен Қырғызстаннан алатын өзендердің арналарында судың көлемінің жеткілікті болуына тәуелді болып қалып отыр.

Өзбекстан өткен уақыттарда Тәжікстанмен арада туындаған дипломатиялық жанжал кездерінде табиғи газды экспорттау көлемін әлсін - әлсін азайтып жіберіп отырып келді. Ал енді биылғы наурыз айынан бері ол елге баратын темір жол тасымалын тоқтатып қойып отыр. Ташкент аталған тасымал тоқтатылуын әдейі істемедік дейді. Оның айтуынша, бұған себеп техникалық мәселелердің туындауы болған.

«Әсіресе, мына қазіргі тұқым себу науқаны маусымында ауыл шаруашылығы жабдығының қажеттігін ойлап, мен темір жол тасымалына тиым салынуына байланысты тууы ықтимал дағдарыстың етек алуы мүмкін екенін естіп, қатты алаңдап отырмын», – деп мәлімдеді аталған жайтқа қатысты Пан Ги Мун.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Рейтер агенттігі БҰҰ-ның бас хатшысы сәуір айының 5-күні Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесуі барысында республика басшылығын адам құқықтары саласындағы ахуалды жетілдірудің қажет екендігіне сендірмек болғаны жайлы хабарлайды. Пан Ги Мунның бұл ниеті өзбек президенті Ислам Каримовтың ашуын туғызды деп атап көрсетеді агенттік кездесуде болған БҰҰ өкілдерінің сөзіне сілтеме жасап.

Ташкенте болған келіссөз барысында Пан Ги Мун Ислам Каримовке Өзбекстан үшін енді адам құқығы мәселесіне қатысты өз ұстанымының байсалдылығын көрсететін сәт жетті дегенді айтқан. БҰҰ-ның бір шенеунігінің айтуынша, аталған келіссөз «айтарлықтай түсініспеушілік» ахуалында өткен екен.

БҰҰ басшысының сөзіне жауап ретінде Ислам Каримов Пан Гу Мунға: «Бізге неге осы бір мәселе бойынша сонша жабысып қалдыңдар? Ондай қиыншылық бәрінде бар емес пе» деп зірк ете түсті деп, «Рейтер» тілшісіне осы келіссөз барысында БҰҰ басшысымен бірге отырған БҰҰ-ның тағы бір шенеунігі айтып берген.

Осыдан кейін-ақ кездесудің кетеуі кетіп, келіссөзді одан ары қалыпты ахуалда жалғастыруға тараптардың күші әрең жеткен. БҰҰ қызметкерлерінің айтуына қарағанда, Пан Ги Мун келіссөз барысында абақтыдағыларды қинау мен балалар еңбегін пайдалану мәселесін де көтерген. БҰҰ шенеуніктерінің айтуынша, аталған келіссөз БҰҰ басшысының осы тақырыпта бұған дейін өткізіп келген келіссөздері ішіндегі ең ауыры әрі ең жайсызы болған екен деп жазады Рейтер.

Өзбекстан жылдар бойы диссиденттерге көрсететін жәбірін үсті-үстіне күшейте түсумен келеді. Ел билігі Батыстың бұқаралық ақпарат құралдарын мәжбүрлі түрде елден кетірді және жергілікті журналистерге қысым жасап отыр. 2008 жылдан бері Рейтер агенттігі Өзбекстандағы оқиғалар жайлы көршілес ел – Қазақстан жерінен хабарлап келеді.

Орталық Азиядағы тұрғын халқының саны жөнінен ең алдыңғы орынды иемденетін Өзбекстанда бұдан бұрын өткен сайлаулардың ешбірі халықаралық бақылаушылардың «әділ өтті» деген бағасына ие бола алмаған.

Ел азаматтары мемлекеттік саясатты сынай қалса түрмеге қамалуы мүмкін. Елде тіркелген бірде-бір оппозициялық партия жоқ әрі онда әлі күнге дейін советтік типтегі әкімшіл-әміршіл экономика үстемдік құрып келеді деп хабарлайды Рейтер.

Ташкент университетінде сөйлеген сөзінде Пан Ги Мун Өзбекстан үшін адам құқықтары саласында нақты шараларды іс жүзіне асыра бастаудың уақыты жеткенін айтты.

«Біздің барлығымызды мемлекеттер қауымдастығы ретінде біріктіріп отырған дүниежүзілік келісім-шарттарда сіздер маңызды орынға ие болып отырсыздар. Уәделеріңізді орындар кез жетті. Оларды толық іс жүзіне асыру керек», – деп атап көрсетті БҰҰ басшысы.

Ол студенттерді ел болашағын қолдарыңа алыңдар деп көндіруге тырысты. Бұл елде саны 28 миллион болатын тұрғын халықтың үштен
Бас хатшы Пан Ги Мун бастаған БҰҰ-ның делегациясы Ашғабат маңындағы мешіт пен кесенені тамашалап жүр. 2 сәуір 2010 жыл.
екі бөлігін 30-ға жасы әлі жетпеген жастар мен балалар құрайды. «Сіздер өз ұлы еліңіздің жарқын болашағысыздар. Сондықтан, сіздер өз еліңіздің тағдыры үшін жауаптысыздар», – деді Пан Ги Мун студенттерге деп атап көрсетеді агенттік.

Оның Орталық Азия елдеріне сапары жұртшылық назарын осы аймақтағы адам құқын бұзу әрекеттерінің ұзын-сонар тізіміне аударды. Оларды алдымен CСРО-ның коммунистік режимі аяққа таптаған еді. Кейінірек, адам құқықтарын советтік заманнан соң таққа отырған аймақ басшылары үздіксіз бұзумен келді. Аталған басшылар өз әрекетінде диктаторлық әдістерді қолдануға бейім тұрады.

Бұдан бұрынырақ, БҰҰ басшысы Пан Ги Мун өткен аптада осы сапары барысында Түркіменстан басшылығын адам құқықтары саласында ілгерілеу шараларын қолдануға көндіргенін айтқан еді. Ал Қырғызстан астанасында, БҰҰ басшысы мініп келе жатқан автомобильдер шеруі жанынан өткен кезде, үкіметке наразылық білдіруші топ: «Көмек беріңіз!» – деп айғайлады деп атап көрсетеді Рейтер.

«Кваут» сайтының мәліметі бойынша, Түркіменстан басшылығы тарабынан аталған адам құқықтары саласындағы ілгерілеу шарасын қолдануға ел президенті Гурбанғулы Бердымухамедов келісімін берген көрінеді. Ол республикаға білім беру саласында жұмыс істейтін БҰҰ-ның адам құқықтары жөнінен арнайы баяндамашысын шақыруға келісіпті.
XS
SM
MD
LG