Ресей соғыста жылқы мен есек пайдаланып жатыр
Ресей әскері Украинаға қарсы соғыста жылқы мен есекті қолданып жатыр. Орыс сарбаздары малмен техника тасиды, миналанған далаларды кесіп өтеді. Жылқы мен есек те, өкінішке қарай, шабуыл нысанына айналып жатады. Әскери сарапшы мұны орыс әскерінің айласы емес, тапшылық тұсындағы мәжбүрлі амал деп біледі.