Accessibility links

Алматыда сүт безі обырына қарсы дәрі шығарыла бастайды


25 қазанда Алматы фармацевтикалық фабрикасының базасында сүт безі обырына қарсы дәрі шығаратын өндіріс іске қосылды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Жоба екі халықаралық компанияның көмегімен жүзеге асырылып отыр.

Обырға қарсы дәрі өндірісін ашу жөнінде келісімге 2021 жылы қол қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында аталған жобада халықаралық компаниялар мен мемлекеттің үлесі қанша екені нақты жазылмаған.

Онда сонымен бірге жоспарланып отырған өндіріс көлемі мен өзге де маңызды көрсеткіштер айтылмаған деп жазды "Власть" сайты. Басылым денсаулық сақтау министрлігінің осы өндіріс бойынша осыған дейін жіберген сұрақтарына жауап бермегенін атап өтеді.

Онда тек "аса маңызды онкологиялық препарат өндірісін ашу қазақстандық пациенттердің обырды емдеу бойынша инновациялық әдістерге қолжетімділігін жақсартып, өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік беретіні" жазылған.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жылына 5 мың әйелден сүт безі обыры анықталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG