Accessibility links

CNN: ХАМАС басшысы Синвардың сүйегін Газада кепілде ұстап отырғандарға айырбастауы мүмкін


Яхия Синвар
Яхия Синвар

АҚШ пен Еуропа Одағы террористік ұйым деп таныған ХАМАС тобы қазір Газада кепілде ұстап отырған израильдіктерді топтың басшысы Яхия Синвардың сүйегіне айырбастап алуына болады. CNN Израильдегі дереккөздерге сүйеніп осылай деп хабарлады. Израиль бейсенбі күні Синвардың көзі жойылды деп мәлімдеген. Кейінірек ХАМАС бұл хабарды растады.

CNN сөйлескен дереккөздер егер ХАМАС тобы Синвардың сүйегін алғысы келсе, оның жалғыз жолы – кепілде ұстап отырған адамдарды қайтару деген. Израиль осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын оның аумағына басып кірген ХАМАС тобы тұтқындап, Газа секторына алып кеткен адамдарды қайтарып алуға палестиналықтарды қалай мәжбүр етуге болатынын ойластырып жатыр. CNN дереккөздері Синвардың сүйегін қайтару мәселесі ХАМАС мүшелерін біріктіріп, ортақ шешімге келуіне себеп болуы мүмкін деген.

Израильдің ұлттық сот-медициналық орталығы Яхия Синвардың басына оқ тиген және шамамен 16 қазан күні кешке өлген деп хабарлаған.

Израильдің ұлттық сот-медициналық орталығы Яхия Синвардың басына оқ тиген және шамамен 16 қазан күні кешке өлген деп хабарлаған.

Яхия Синвар былтыр 7 қазанда ХАМАС тобының Израильге жасаған шабуылын ұйымдастырушы болып саналады. Ол шабуылдан мыңнан астам адам қаза тауып, 250-ден астам адамды ХАМАС кепілге алып, Газа секторына күштеп әкеткен. Олардың бір бөлігін Израиль мен ХАМАС өзара келісім аясында айырбасталған.

Қыркүйек айының басында ХАМАС тобының қолында кепілге алынған жүзден аз адам қалды. Олардың 40-қа жуығын Израиль өлдіге санап отыр. Синвар оққа ұшқаннан кейін Израиль премьер-министрі ХАМАС тобына қаруын тастап, кепілге алынғандарды қайтаруды ұсынды, бірақ ХАМАС оған келіспей отыр.

XS
SM
MD
LG