Биыл Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы жапониялық Nihon Hidankyo ("Нихон Хиданкио") ұйымына берілді. Бұл жөнінде Нобель комитеті хабарлады.
Жапон ұйымы сыйлықты "ядролық қарудан еркін өмірге қол жеткізуге күш салып, ядролық қаруды қайта қолданбау керегін көрсеткен дәлелдері үшін" алды.
"Нихон Хиданкио" - Хиросима мен Нагасакиге жасалған ядролық шабуылдан зардап шеккендердің мәселесімен айналысатын ұйым. Бұған қоса, қозғалыс ядролық қарудың зардабын жиі айтып, атом бомбасын табу тақырыпқа айналдыруға ат салысып жүр.
"Адамзат тарихының қазіргі кезеңінде ядролық қарудың не екенін еске салып қою маңызды: бұл әлем ешқашан көрмеген зұлмат қару" деп жазды Нобель комитеті хабарламасында.
Нобель сыйлығы алғаш рет 1901 жылы табысталған. 122 жыл ішінде 111 адам лауреат атанды. Олардың арасында 19 әйел бар, ең жасы – 2014 жылы лауреат атанған 17 жастағы пәкістандық Малала Юсуфзай. Халықаралық Қызыл крест ұйымы Нобельдің Бейбітшілік сыйлығын үш рет иеленген.