Accessibility links

ОРК референдумға қатысу белсенділігі 61%-дан асқанын хабарлады


АЭС бойынша референдум өтіп жатқан күні оппозиция митингісі болады деген маңды бақылап тұрған полиция қызметкері. Астана, 6 қазан 2024 жыл.
АЭС бойынша референдум өтіп жатқан күні оппозиция митингісі болады деген маңды бақылап тұрған полиция қызметкері. Астана, 6 қазан 2024 жыл.

Орталық референдум комиссиясы (ОРК) АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысу белсенділігі Астана уақытымен сағат 18.00 жағдай бойынша 61%-дан асқанын хабарлады.

ОРК мүшесі Асылбек Смағұловтың сөзінше, 7,5 млн-нан астам адам дауыс берген.

Референдумға қатысу көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы (ресми мәлімет бойынша, сайлаушылардың 80% дауыс берген) алда тұр.

Ең төмен көрсеткіш Алматыда (22,9%) тіркелген. Астанада бұл көрсеткіш (49,3%) екі еседен де көп.

Референдумға қатысу белсенділік бойынша алдын ала мәліметті Орталық референдум комиссиясы сағат 21-де хабарлайды.

Сағат 20.00-де дауыс беру учаскелері жабылады, олардың саны 10 мыңнан асады.

Қазақстанның өзге елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде 74 учаске жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG