Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыров Ресейдің рекордтар кітабына енгізілді. Ол Ресей субъектілері басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты ең жас басшы атанды. Ол бұл қызметке 15 жаста тағайындалған.
Марапаттау рәсімі Грозныйда аралас жекпе-жек (ММА) матчы кезінде өтті деп жазды сертификатты тапсыру сәтінен видео жарилаған "Осторожно, новости" телеграм-арнасы. Сертификатты Ресейдің рекордтар кітабының бас редакторы Станислав Коненко тапсырған.
Бұдан бөлек, Адам Қадыров Ресейдің рекордтар кітабын популяризациялағаны үшін де медаль алған. Қадыровтың кітапты популяризациялуға қалай үлес қосқаны белгісіз, Коненко ол жөнінде айтпады.
- 2023 жылы 15 тамызда Грозныйда Адам Қадыров Құран өртеді деп айыпталған Никита Журавельді ұрып-соққан еді. Полиция Шешенстан басшысының ұлы қылмыстық жауапқа тартатын жасқа жеткен жоқ деп іс қозғаудан бас тартқан.