Accessibility links

Ресей билігі Рунетті оқшаулауға 95 млрд рубль жұмсайды


Ресей билігі алдағы үш жылда Рунетті оқшаулауға және рухани құндылықтарды дамытуға 95 млрд рубль жұмсайды. 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасында осындай сома көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, 60 млрд рубль – VPN-сервистермен күреске, 10 млрд – "желі тәуелсіздігін қамтамасыз етуге", 25 млрд рубль желідегі "рухани-адамгершілік құндылықтарды" насихаттауға бағытталмақ.

Қаражат "Роскомнадзорға" қарасты түрлі мекемелер мен президент әкімшілігіне қарайтын интернетті дамыту институтына берілмек.

Ақпарат құралдарының жазуынша, Рунетті оқшаулауға бөлінген қаражат Татарстан республикасының жылдық бюджетінен екі есе көп.

  • Ресей кейінгі кезде VPN-сервис және бұғатталған сайттарды ашатын құралдармен күресуге қызу кірісіп жатыр. Наурыз айында VPN-ді популяризациялауға тыйым салатын заң күшіне енген. Енді бұғаттау әдістерін айналып өту жөнінде айтып, сілтеме беретін сайттар сот шешімінсіз бірден жабылады. Әзірге ресейліктерге VPN қолдануға тыйым салынған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG