Accessibility links

Ресей әскері Украинаның шығысындағы Нелеповка елді мекенін алғанын хабарлады


Украинаның Запорожье қаласына Ресей әскері жасаған шабуыл салдары. 29 қыркүйек, 2024 жыл.
Украинаның Запорожье қаласына Ресей әскері жасаған шабуыл салдары. 29 қыркүйек, 2024 жыл.

Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның Донецк облысындағы Нелеповка елді мекенін басып алғаны туралы хабар таратты. Ресей әскері майданның осы аумағында Украина қарулы күштерінің тоғыз шабуылына тойтарыс бердік деп мәлімдеді.

Ресей әскері Украинаның Херсон облысын атқылап, бес адам жараланды деп хабарлады облыс әкімшілігінің басшысы Роман Мрочко. Облыстағы Ұлы Александровка ауылында артиллерия шабуылынан үш адам жараланған. Мрочконың айтуынша, 30 қыркүйек таңертең Херсон маңына дроннан жарылғыш зат тасталып, екі әйел жараланған. Ресей әскері Херсонды атқылау туралы хабарларға қатысты түсінік берген жоқ.

Ресей 30 қыркүйекке қараған түні Украинаға "Шахед" типті 73 дронмен шабуыл жасап, тағы Х-59/69, Х-31П деп аталатын зымырандармен және "Ескендір-М" баллистикалық ракетасымен атқылады деп хабарлады Украинаның әуе күштері.

Украина Киев, Черкасс, Винница, Кировоград, Житомир, Полтава, Чернигов, Сумы, Харьков, Днепропетровск және Николаев облыстарында 67 дронды атып түсіргенін айтты.

Киевте әуе дабылы бес сағатқа созылып, Николаев облысындағы маңызды инфрақұрылым нысанында өрт болды деген хабар тарады.

Ресейдің Украинамен шектесетін Белгород облысына Украина қарулы күштері дрон ұшырды, бір жауынгер қаза тауып, төрт бейбіт тұрғын жараланды деді облыс басшысы Вячеслав Гладков. Украина Белгородқа жасалған дрон шабуылы туралы әзірге ештеңе айтқан жоқ.

Украинаға көмек, комадағы сарбаз, әскерге қарсы петиция – AzatNEWS | 27.09.2024
please wait

No media source currently available

0:00 0:27:28 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG