Accessibility links

Ресей әскері Запорожьені атқылады, жараланғандар бар


Жексенбіге қараған түні Ресей әскері Запорожьеге ракетамен соққы жасады. Облыстық әскери әкімшіліктің жетекшісі Иван Фёдоровтің сөзінше, бірнеше тұрғын үй мен бір көп қабатты ғимарат қираған.

Кемінде алты адам жараланған. Тағы бір адам үйінді астында қалған, құтқарушылар үйіндіні аршып жатыр.

Федоровтың айтуынша, қалаға оннан астам соққы жасалған. Бірнеше жерден өрт шыққан.

Запорожье облысының көптеген аудандары да атқыланған. 19 үй қирап бүлінген.

  • Ресей Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысандарға ғана соққы жасалып жатқанын мәлімдеген. Бейбіт азаматтардың қазасы мен азаматтық инфрақұрылымның қирағаны жөнінде ақпаратқа Мәскеу түсініктеме бермейді.
XS
SM
MD
LG