Accessibility links

Ресей билігі аэропорттарды дрондардан қорғауға 11 млрд рубль қаражат жұмсайды


Ресей билігі аэропорттарды дрон шабуылдарынан қорғауға кемінде 11 млрд рубль жұмсайды. Дронға қарсы жүйе 2028 жылға қарай елдегі ірі 31 аэропортта пайда болады. Мәселе федералдық нысандармен қатар жеке меншіктегі аэропорттар жөнінде де болып отыр.

Инфрақұрылымды жаңарту туралы жобаның жаңартылған нұсқасына сүйенген "Ведомости" басылымы жобаның сомасы мен мерзімі туралы жазды. 14 тамызда ұлттық жобалар сессиясы кезінде премьер-министр Михаил Мишустиннің тапсырмасынан кейін жоба толықтырылған.

Украинадағы соғыста екі жақ дрондарды шайқас алаңында да, қарсылас жақтың нысанын жою үшін де өте көп пайдаланып жатыр. Ресей күн сайын-дерлік украин дрондарын атып түсіргені жөнінде мәлімет таратады. Украин дрондары Мәскеу қаласы мен облысы аумағына жетіп, қатер төндірген сайын Мәскеу әуежайларында рейстерді қабылдау мен жіберу тоқтатылады.

Бұған қоса, Ресей аумағында дрон шабуылынан кейін әскери нысандар мен оқ-дәрі қоймалары өртенген кездер болды. Әдетте билік ол жөнінде көп ақпарат бере бермейді.

Ресей Украинаға соққы жасаған кезде ирандық "Шахед" дрондарын пайдаланады, алайда өздерінің дрондарын өндіріске енгізу бойынша артта келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG