Accessibility links

Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді


9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді деп хабарлады Ақорда. Бұл жиын Маңғыстау облысындағы сарбаз қазасы желіде талқыланып, билікке сын айтылып жатқан шақта өтті.

Астанада өткен жиында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту шараларын жүзеге асыру мәселелеріне байланысты баяндама жасаған.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, қауіпсіздік кеңесі елдің әскери әлеуетін арттыруға байланысты ұсынылған тәсілдер мен армияға қазіргі заманғы қару, әскери техника, соның ішінде отандық қорғаныс кешені кәсіпорындары шығарған өнімдер беру бойынша тиісті шешімдер қабылдаған.

Жиын соңында қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Тоқаев үкімет пен мемлекеттік органдарға Қазақстанның әскери ұйымын жетілдіру бағытында тапсырмалар берді деді президенттің баспасөз қызметі.

Ақорда хабарламасында Ақтау гарнизоны 25744-әскери бөліміндегі сарбаз қазасы туралы айтылмады.

8 қыркүйекте Маңғыстау облысы "Оймаша" полигонындағы оқу-жаттығу жиынында кезекші тапаншадан атқан оқ мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздың бетіне тиді деген хабар тарады. Сарбаз госпитальға бара жатқан жолда көз жұмған.

Бас әскери прокуратура бұл жағдайға байланысты күдікті ұсталып, Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG