Accessibility links

Ресейдегі нысандарға соққы жасауға рұқсат беру: шешімді ЕО елдерінің әрқайсысы өзі қабылдайды


Жозеп Боррель
Жозеп Боррель

Украинаға Ресейдегі нысандарға соққы жасауға рұқсат беру мәселесі бойынша ЕО елдері ортақ шешімге келе алмады. Бұл жөнінде Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі ведомствосының жетекшісі Жозеп Боррель мәлімдеді.

Боррельдің сөзінше, министрлер Брюссельдегі бейресми кездесу кезінде Украина әскеріне рұқсат беру мәселесін талқылап, шешімді Еуроодақтың әр елі өз бетімен қабылдайды деген қорытындыға келген.

Боррелль Еуропа Бейбітшілік қоры арқылы Украинаға қару-жарақ жеткізу үшін алты миллиард еуро қаражатты шешіп алу мәселесі бойынша да ортақ шешім табылмағанын жеткізді.

"Алты миллиард еуро қаражатты Венгрия бұғаттап тастады, бұл қаражат ЕО елдеріне Украинаға жеткізілген қару-жарақ шығынын толтыру үшін берілуі керек еді. Бұл ветоны қабылдамау керек деп санаймын" деді Боррель.

Бұған дейін Будапешт Киевтің ЛУКОЙЛ-дың мұнай айдауын тоқтату туралы шешіміне жауап ретінде Еуропа Бейбітшілік қорынан Украинаға бөлінген әскери көмекке тосқауыл қоюға уәде еткен. Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто шектеу алынбаса, Будапешт Украинаға жаңа көмек пакетін мақұлдамайды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG