Accessibility links

Украина алғаш жеткізілген F-16 жойғыш ұшақтарының бірінен айырылды


F-16
F-16

Украина жақында алған F-16 жойғыш ұшақтарының бірінен айырылды. The Wall Street Journal дереккөздерінің мәліметінше, ұшақ апатқа ұшыраған.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, жойғыш ұшақ құлатылған. Оқиға Ресей әскерінің жаппай ракета шабуылы кезінде болған. Украина жағының болжамынша, апат ұшқыштың қателігінен болуы мүмкін.

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, жуырда Киев алты F-16 жойғыш ұшағын алған.

Украина әскеріндегі дереккөзге сүйенген CNN телеарнасы Алексей Месь есімді ұшқыш опат болғанын жазды. Ол F-16 ұшағын басқаруды үйренген санаулы ұшқыштардың бірі болған.

CNN-нің жазуынша, украин ұшқыштары АҚШ-та оқуды былтыр күзде бастаған. Оқу процесі әдетте шамамен бір жылға созылады. Ал Украина әскері соғысқа байланысты алты ай дайындықтан өткен.

F-16 ұшағы апатынан ұшқыш қаза болғанын Украина қарулы күштері бас штабы растады. Украина әуе күштерінің айтуынша, Месь 26 тамызда Ресей әскерінің соққысына тойтарыс беру кезінде қаза болған. Ұшқыш ресейлік қанатты үш ракета мен бір дронды жойып үлгерген.

Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Ресей әскері дүйсенбі күні жіберген ракеталар мен дрондарды жою кезінде F-16 ұшағын қолданғанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG