Accessibility links

БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза болды, бірі полиция қызметкері


Батыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза болды. Оқиға 24 тамызда таңертең Қазтал – Орал бағытындағы тас жолда Жалпақтал ауылы маңында болған. Бұл жөнінде "Уральская неделя" басылымы хабарлады. "Волга" жеңіл көлігі жүк көлігімен соқтығысқан.

"ГАЗ-3102 автокөлігінің жүргізушісі рулді басқара алмай, жол жиегінде тұрған КамАЗ көлігімен соқтығысқаны анықталды. Оқиға салдарынан төрт адам қаза болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді, оның екеуі кәмелетке толмағандар" деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатынан полиция қызметкері мен оның әйелі, ГАЗ-3102 көлігінің жоаушылары мерт болған. Басылымның жазуынша, Қазтал полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Марлен Қарабаев пен оның әйелі опат болған. Ерлі-зайыптың артында бес баласы қалған.

Бір апта бұрын Жамбыл облысында жол апатынан алты адам қаза болған, арасында екі полиция қызметкері бар. Toyota Alfard минивэні мен Skoda Octavi маркалы полицияның қызметтік көлігі Мерке — Шу — Бурылбайтал республикалық тас жолында соқтығысқан. ІІМ хабарлауынша, көліктер соқтығысқаннан кейін сегіз адам мінген Toyota көлігі өртенген. Минивэндегі төрт жолаушы мен трассаны бақылаған екі полицей оқиға орнында көз жұмған. Қаза болған полиция қызметкерлерінің бірі көп балалы әке болған. Ғалым Арыстанбаев әйелімен бірге 11 баланы тәрбиелеген, сегізін балалар үйінен алған.

Қазақстанда жол апатының көптігіне негізінен жол сапасының нашарлығы мен жол ережесін сақтамау себеп деп айтылады.

XS
SM
MD
LG