Accessibility links

Бакуде президент Әлиевті жиі сынайтын саясаттанушы Бахруз Самадов ұсталды


Бахруз Самадов
Бахруз Самадов

Әзербайжан астанасында "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен саясаттанушы Бахруз Самадов ұсталды. Бұл туралы OC Media хабарлады.

Самадовтың жоғалып кеткені сәрсенбі күні кешке мәлім болды. Оның достары мен әріптестері жоспарланған кездесулерге келмегенін, байланысқа шықпай қалғанын айтып, дабыл қаққан.

Бейсенбі күні таңертең Самадовтың отбасы оны бір күн бұрын ұстап әкеткенін растады. Сәрсенбі күні кешке ол тұратын пәтер тінтілген.

Ақпаратқа қарағанда, саясаттанушыға "мемлекетке опасыздық жасады" деген айып тағылған. Бахруздың әжесі Зибейданың айтуынша, оның пәтерін тінту кезінде саясаттанушының армяндармен жазысқан хаттары табылған: Самадовқа Әзербайжан билігін сынауға солар тапсырыс берген-мыс.

Саясаттанушының әріптестері мен таныстарының айтуынша, осының алдында Бахруз Әзербайжан үкіметі қысым көрсетіп жатқанын ескерткен. Самадов Әзербайжандағы авторитаризм мәселелерін зерттеумен айналысқан, мақалаларында және әлеуметтік желілерде Ильхам Әлиев жүйесін сынаған.

Самадов Прагада тұрады. Ол чех университетінде докторлық диссертациясын жазып жүрген. Саясаттанушының досының айтуынша, ол Бакуге демалысқа келген.

Былтырдан бері Әзербайжанда журналистер мен белсенділерді қудалау жүріп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG