Accessibility links

Токиода климаттың өзгеруіне байланысты храмға барып, дұға жасаушылар көбейген


Храм маңында жатқан дауылдан құлаған ағаш.
Храм маңында жатқан дауылдан құлаған ағаш.

Токиода климаттың өзгеруіне байланысты Кисе Дзиндзя ғибадатханасына барушылар саны көбейген. Бұл жөнінде The Guardian басылымы жазды.

Храмның священнигі, метеоролог Дайсин Контанидің сөзінше, климат дағдарысына алаңдаушылар мен тұрақты ауа райын тілейтін халық саны кейінгі екі-үш жылда артқан. Келгендер жапон құдайынан өздерін аптап ыстық немесе жойқын дауылдардан құтқаруды сұрайтын болған.

Кейінгі жылдары Жапонияда аптап ыстық пен толассыз жаңбыр көбейіп, соның салдарынан фермерлер астықтан айырылған, су тасқыны, лай көшу жиілеген. Ғалымдардың болжамынша, 2050 жылға қарай елде ауа райы орташа есеппен 2,4°C-қа жылырақ болмақ, аптап ыстық 86% жиілеп, 1500% ұзармақ. Орташа жылдық жаңбыр мөлшері 7% артып, су тасқыны аймағындағы халық саны 4 миллионға артпақ. Бұл парник газдарының мөлшерін азайту үшін ешқандай шара қолданылмаған жағдайда болуы мүмкін ең нашар сценарий.

The Guardian сөйлескен храмға келушілер аптап ыстық пен толассыз жаңбырға уайымдап, ауыл шаруашылығына әсері туралы айтқан.

"Ми қайнатқан ыстық пен толассыз жаңбырдан кейінгі су тасқынының салдарынан жеміс, көкөністі жинай алмай жатырмыз. Егер бұл жалғаса берсе, азық-түлік тапшылығы туындай ма деп қорқамын" деді храмға келушілердің бірі.

  • Әлем бойынша температураның жоғарылуына байланысты су тасқыны, қуаңшылық, орман өрті, дауыл, контраст ауа райы барған сайын жиілеп барады. Биылғы жыл бақылау тарихындағы ең жылы жыл болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG