Accessibility links

Германияда Tesla зауытын салу үшін 329 га орманды шауып, отап тастаған


Германиядағы орман. Көрнекі сурет.
Германиядағы орман. Көрнекі сурет.

Берлин түбінде Tesla фабрикасын салу үшін 329 га орман шабылып, оталған. Бұл жөнінде Kayrros компаниясының дерегіне сүйенген The Guardian басылымы жазды. 329 га орман – бұл шамамен жарты миллион ағаш.

Tesla электромобильдері мен оған арналған батареялар мен аккумулятор шығаратын зауыт салу үшін 2020-2023 жылдары мыңдаған ағаш оталған. Гигафабрика 2022 жылы ашылған. Екі жылдан соң билік жылына шығарылатын көліктерді еселеп көбейтіп, миллионға жеткізу үшін зауытты ұлғайтуды мақұлдаған.

Зауыт ауқымын ұлғайтуға климат белсенділері қарсы шықты. Олар америкалық компания экологияға зиян тигізіп отыр деп дабыл қақты. Наурыз айында белсенділер зауыттың электр беретін құрылғы тірегін жойып, зауыт жұмысы бірнеше күнге тоқтап қалған. Мамырда белсенділер фабрикаға басып кіруге талпынған. Акцияға 800-ден астам адам қатысқан.

Tesla Guardian басылымының сұрақтарына жауап бермеген. Kayrros компаниясы өсіп тұрған ағаштар мен өндірілген электромобильдердің пайдасын салыстырып, мәселеге парниктік газдың шығуы тұрғысынан қарауға шақырған. Бұл тұрғыдан алғанда электромобильдерден пайда көбірек деп түйіндейді Kayrros.

Алайда мұндай қорытындылар гигафабриканың қоршаған ортаға әсерін есепке алмайды: шикізатты өндіру зияндылығы, бояу және майлардың төгілуі (Tesla-да мұндай оқиғалар болғаны расталған), жануарлардың тіршілік ету мекенінің жойылуы, жергілікті тұрғындардың өмір сүру ортасының нашарлауы, электромобильдердің экологияға әсері ескерілмейді.

XS
SM
MD
LG