Ресей қорғаныс министрлігі 20 тамызда Украинаның Донецк облысындағы Нью-Йорк шағын қаласын бақылауға алғанын мәлімдеді. Ал Украина басылымдары әскердегі дереккөзіне сілтеп, "Украина қарулы күштері елді мекеннің солтүстік бөлігінде қорғанысты ұстап тұр, аймақта кескілескен шайқас жүріп жатыр" деп жазды.
Нью-Йорк – Донецк облысы Торецк қаласы маңындағы кішкене қала. Ресей бірнеше айдан бері осы Нью-Йорк қалашығын алуға тырысып келеді. Мәскеу бұл жерді маңызды логистикалық торап деп санайды.
"Украинская правда" басылымының Украина әскеріндегі дереккөзі "Біздің солдаттар Нью-Йоркте әлі бар, қорғанысты ұстап тұрмыз. Шамамен 20 пайыз жерді бақылауда ұстап тұрмыз. Ресейліктер резервтің саны көптігімен алға жылжып келеді. Біз өлтірсек те, олар келе жатыр. Өкінішке қаарй, бізде көп резерв жоқ" деген.
ПІКІРЛЕР