Жексенбіге қараған түні Ресейдің оңтүстік аймақтарына тағы да дрон шабуылы жасалды. Ростов облысының оңтүстік-шығысында әуеден атып түсірілген дрон сынықтары дизель отыны сақталған қоймаға түсін. Соның салдарынан өрт шықты деп хабарлады губернатор Василий Голубев. Түн мезгілінде қоймаға екі рет дрон шабуылы жасалған.
Ресей қорғаным министрлігі өткен түні Белгород, Курск және Ростов облыстарының әуе кеңістігінде ұшақ типтес бес дрон атып түсірілді деп мәлімдеді.
- Биылғы наурыз айынан бері Ресейдің Украинамен шектесетін аймақтарына күн сайын дерлік украин дрондары шабуыл жасап келеді. Киев әдетте бұл шабуылдар жөнінде комментарий бермейді.
ПІКІРЛЕР