Accessibility links

МАГАТЭ: дрон шабуылынан соң Запорожье АЭС-індегі қауіпсіздік ахуалы нашарлады


Венадағы МАГАТЭ штаб-пәтері алдындағы ту.
Венадағы МАГАТЭ штаб-пәтері алдындағы ту.

Запорожье атом электр станциясына баратын жолға дрон шабуылы жасалғаннан кейін АЭС-тегі ядролық қауіпсіздік ахуалы нашарлап кетті деп мәлімдеді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) директоры Рафаэль Гросси.

АЭС аумағына жақын жолға дрон шабуылы жасалғаны туралы сенбі күні таңертең ресейлік телеграм-арналар хабарлаған. Фотосуреттерге қарағанда, жарылыс күші шамалы болғанға ұқсайды – асфальтта көлемі ондаған шаршы сантиметр болатын тесік пайда болған.

Украина мен Ресей әзірге Гроссидің мәлімдемесіне байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Осы аптаның сейсенбісінде МАГАТЭ 11 тамызда Запорожье АЭС-інің суыту жүйесінде болған өрт салдарын алдын ала бағалау жөніндегі есебін жариялаған. МАГАТЭ өкілдері ресейлік әскер бақылауда ұстап отырған станцияның бүлінген бөлігін көріп, қазіргі жағдайымен танысқан, бірақ өрттің шығу себебі туралы түпкілікті қорытынды әлі шыққан жоқ.

Мәскеу мен Киев Запорожье АЭС-інде болған өртке бірін бірі айыптады. Ресей билігі өрттің шығуына Украина қарулы күштерінің дронмен шабуылы себеп болды десе, Украина Ресейді АЭС қауіпсіздігінен салғырт қарайды, әдейі өрт шығарған болуы мүмкін деп кінәлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG