Accessibility links

Қырғызстан СІМ: Ресейдің Курск облысындағы қырғыз азаматтары аймақтан кетіп жатыр


Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Ресей ІІМ мәліметіне сүйене отырып, Курск облысында 199 қырғыз азаматы тіркелгенін хабарлады.

Қырғызстан СІМ мәліметінше, Курск облысында оқып жүрген немесе жұмыс істейтін қырғыз азаматтармен байланыс орнатылған.

"Қырғызстан студенттері айтқан мәліметке қарағанда, жазда студенттердің басым бөлігі аймақтан кеткен. Бұған қоса, қауіпсіздік мақсатында Қырғызстан азаматтарының бір бөлігі облыстан өзге аймақтарға кетіп жатыр" деп жазылған хабарламада.

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі Курск облысында зардап шеккен қырғыз азаматтары туралы мәлімет түспегенін айтты.

Украина әскері Ресейдің Курск облысына 6 тамызда кірген. 12 тамызда әлеуметтік желілерде украин әскерінің Суджа қаласынан түсірген видеосы тарады. Онда солдаттар Ресей әскері немесе жергілікті билікті көрмегенін айтады.

13 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский Украина қарулы күштері облыстағы 74 елді мекенді бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Зеленскийге мың шаршы шақырым бақылауда екенін айтты.

XS
SM
MD
LG