Accessibility links

Украина әскері Ресейдің Суджа қаласынан видео жариялады


Украина әскері жариялаған видео кадры, 12 тамыз 2024 жыл.
Украина әскері жариялаған видео кадры, 12 тамыз 2024 жыл.

Украина әскері Ресейдің Курск облысы Суджа қаласының орталығынан түсірілген видео жариялады. Видеоның геолокациясы Суджа қаласының орталығындағы Карл Маркс көшесін көрсетіп тұр. Видеоның қашан түсірілгені белгісіз. Украиналық әскери қызметкер қала орталығында ресейлік солдаттарды көрмегенін айтады.

Дүйсенбі күні жарияланған тағы бір видеода украин әскері қала орталығын әскери техниканың терезесінен көрсетеді. Онда Ресей әскері немесе қала тұрғындары көрінбейді.

Ресейлік әскери блогерлердің жазуынша, Суджа қаласы украин әскерінің бақылауында болуы мүмкін.

Мәскеу мен Киев ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Соғыс жағдайында тараптардың мәлімдемелерін тексеру қиын.

Дүйсенбі күні түске дейін украиналық әскери техникалар Курск облысы Суджа қаласының шығыс жағында байқалғаны хабарланған. Бұл Украина күштерінің қаланы толық бақылауға алғандығын білдіруі мүмкін.

XS
SM
MD
LG