Accessibility links

Париж Олимпиадасы: Өзбекстанның бас бапкері бокстан шәкірті алтын алғаннан кейін жүрегі ұстап қалған


Хасанбай Дусматов
Хасанбай Дусматов

Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль алғаннан кейін елдің бокс бойынша құрама командасының бас бапкері Тулкин Киличевтің жүрегі ұстап, бірнеше секунд ес-түсін жоғалтқан.

The Guardian басылымының мәліметіне қарағанда, Киличевтің жүрегі жаттығу алаңында Дусматовтың жеңісін атап өтіп жатқанда ұстаған. Оған Британия құрамасының дәрігерлері – Хардж Сингх пен Робби Лиллис алғашқы көмек көрсеткен.

"Өзбек құрамасының жаттықтырушылары жаттығу алаңында жеңісті тойлап жатты. Бір кезде әр тараптан айқайлаған дауыстар шықты. Алғашқы болып жанымдағы әріптесім жүгіріп барды. Мен барғанда өзбек бапкеріне жасанды демалу әдісін қолданып жатты. Дефибрилляторды алып шығып, мүмкін болса тезірек жәрдем көрсетуге тырыстық", - деді Лиллис.

Оның сөзінше, Киличев 20-30 секундта есін жиған.

Өзбекстан жағы бұл оқиғаға түсініктеме бермеді.

51 келіге дейінгі салмақ бойынша шаршы алаңға шыққан Хасанбой Дусматов 8 тамызда финалда франциялық боксшы Биллал Беннамды жеңген.

Өзбекстан Париж Олимпиадасында 8 алтын, 2 күміс, 3 қола иеленіп, медальдар саны жағынан әлем бойынша 13-орынды алды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG