Accessibility links

Ресейдің Курск қаласы атқыланып, 13 адам зардап шекті


Украин ракетасының бөлшегі құлаған тұрғын үй, 11 тамыз 2024 жыл.
Украин ракетасының бөлшегі құлаған тұрғын үй, 11 тамыз 2024 жыл.

Жексенбіге қараған түні Ресейдің Курск қаласы ракетамен атқыланды. Әуеде атып түсірілген ракетаның бөлшектері тоғыз қабатты тұрғын үйге құлады. 13 адам жараланды, екеуінің жағдайы ауыр. Тұрғындар уақытша қала маңындағы лагерге көшірілді деп хабарлады Курск мэрі Игорь Куцак.

Түнде Ресейдің Курск, Воронеж, Брянск, Орлов және Белгород облыстары дрон шабуылына ұшырады. Әуе қорғаныс жүйесі 35 дрон және төрт "Точка-У" тактикалық ракетасын атып түсірді. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

Воронежде дрондар бірнеше жеке үй мен әкімшілік ғимаратын бүлдірген. Шамамен 100 тұрғын жарықсыз қалған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күнгі мәлімдемесінде Украина күштерінің Ресей аумағындағы қимылы жөнінде алғаш рет мойындады. Ол "соғысты басқыншының аумағына ауыстыру" жөнінде айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG