Accessibility links

Украина әскері Қырымда ресейлік кемені батырғанын хабарлады


Севастополь айлағындағы КС-701 "Тунец" кемесі. Қырым. Көрнекі сурет.
Севастополь айлағындағы КС-701 "Тунец" кемесі. Қырым. Көрнекі сурет.

Украина қорғаныс министрлігіне қарасты бас барлау басқармасы 9 тамызға қараған түні аннексияланған Қырымда ресейлік "Тунец" көлік-десанттық кемені жойғанын хабарлады. Ресей билігі ақпаратқа түсініктеме берген жоқ, бірақ ресейлік әскери блогерлер мәліметті растады.

Кемеге Қырымның батысындағы Черноморское ауылы Узкая айлағында шабуыл жасалған. Украина барлау басқармасының мәліметінше, операция нәтижесінде Қырымда тағы үш құрал бүлінген, олардың түрлері анықталып жатыр.

Крым.Реалии сайтының жазуынша, 9 тамызда түнде Черноморск ауылында жарылыс дыбысы естілген. Жергілікті тұрғындар шабуыл кезінде төрт кеме суға кеткен болуы мүмкін деді.

Ресей қорғаныс министрлігі 9 тамызда аннексияланған Қырымда бес дрон атып түсірілгенін хабарлады, бұған қоса Қара теңіз акваториясында 8 дрон құлатылған.

Сенбі күні украин әскері Қара теңіздегі мұнараға шабуыл жасалғанын хабарлады. Мұнара жойылған.

Украина теңіз күштері өкілінің сөзінше, мұнара ресейлік әскердің GPS сигналын жасыру үшін пайдаланылған. Шабуылдан аз уақыт бұрын оған әскери қызметкерлер қонған, деп жазды "Украинская правда".

XS
SM
MD
LG