Accessibility links

Қазақстанда мемлекеттік білім грант иелерінің тізімі жарияланды


3 тамызда Қазақстанда мемлекеттік білім грант иелерінің тізімі жарияланды. Конкурс нәтижесі ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында және Telegram-арнасында, ұлттық тестілеу орталығының Telegram-арнасында сонымен бірге mapp.kz студенттердің анықтама орталығында жарияланды.

"Жалпы білім гранттары бойынша конкурсқа қатысуға 104 мыңнан астам өтініш берілді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 10 мыңға көп" деп жазылған ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында.

Ведомствоның хабарлауынша, "Стоматология" мамандығын таңдағандар арасында бәсеке жоғары болған (бір орынға 35 адам таласқан). "Халықаралық қатынас және дипломатия" мамандығы бойынша – бір орынға 11 адам таласқан. "Дене шынықтыру пәнінің мұғалімін даярлау" мамандығы бойынша – бір орынға он адам, "Аударма ісі" және "Психология" бойынша - 9 адам таласқан.

Жоғары оқу орнына қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Бұған дейін ғылым және жоғары білім министрлігі 2024-2025 жылдары бакалавриатқа түсу үшін шамамен 79 мың грант бөлінгенін хабарлаған. 14 мыңы – педагогика ғылымдарына, шамамен 11 мыңы ақпараттық-коммуникация технологияға, 19 344 - инженерлік, өңдеу және құрылыс саласына бөлінген.

Министрліктің айтуынша, биыл алғаш рет оқу құнын жартылай өтеп беруге мүмкіндік беретін гранттар да енгізілген. "Педагогика ғылымдары" және "Әлеуметтік ғылым, журналистика мен ақпарат" мамандықтары бойынша 150 грант бөлінген.

XS
SM
MD
LG