Accessibility links

Түркіменстанда гейлердің қудалануы туралы деректі фильмнен кейін ЛГБТ өкілдеріне қысым күшейді


Түркіменстанда полиция және күштік құрылымдар ЛГБТ өкілдерін анықтау үшін рейд жүргізіп жатыр. Шілде басында Азаттықтың Түркімен қызметінің "Түркіменстанның көрінбейтін кемпірқосағы" атты деректі фильмі жарық көрген.

Фильм Түркіменстандағы ЛГБТ өкілдері мен олардың құқығы ахуалын баяндайды. Басты кейіпкер – Польшаға кетуге мәжбүр болған 29 жастағы Давид Омаров. Ол сұхбатта Түркміенстанда ЛГБТ өкілдері мен олардың отбасын қалай қудалап, азаптайтынын, өзінің бастан кешкендерін айтады.

"Давид Омаровтың сұхбатынан кейін Түркіменстан билігі жыныстық азшылық өкілдерін анықтау және іздеу жұмыстарын жандандырды" деп хабарлады Түркіменабад полициясы басқармасындағы дереккөз.

Басылым дереккөзінің сөзінше, полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді тексеріп, бірге тұрып жүрген жігіттерді тіркейді. Одан бөлек, көршілерден бірге тұрып жүрген жігіттерге әйелдер келе ме деп сұрайды. Егер әйелдерді көрмеген болса, оларды ЛГБТ өкілдері болуы мүмкін тұлғалардың тізіміне енгізеді.

Бұдан кейін жігіттерді полиция бөлімшесіне апарып, оларды тергейді, ұялы телефондарын тексереді.

"Егер жігіттердің шешен ЛГБТ белсенділері немесе батыста тұратын ЛГБТ өкілдерімен байланысы анықталса, полицейлер оларды аямай ұрып-соғады" деді дереккөз.

Оның сөзінше, ЛГБТ өкілдеріне жалға баспана берген адамдар да қуғынға ұшырайды.

"Баспана иелерін қорқытып, қудалайды. Бір күні кабинеттен бір әйел жылап шықты. Мұны көріп, жұмысымды тастағым келіп кетті" дейді құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Түркіменстанда "әдепсіз әрекеті үшін" (Қылмыстық кодекстің 133-бабы) ЛГБТ өкілдерін 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

XS
SM
MD
LG