Accessibility links

ХАМАС саяси бюросының жетекшілігіне Халед Машал келуі мүмкін


Халед Машал (сол жақта) және Исмаил Хания.
Халед Машал (сол жақта) және Исмаил Хания.

Ливандық "Хезболла" радикалдық тобы 31 шілдеде топ жетекшілерінің бірі Фуад Шукр Бейруттің оңтүстігінде Израиль соққысынан қаза болғанын растады. Бұл жөнінде Reuters жазды.

"Хезболла" өкілінің айтуынша, топ жетекшісі Хасан Насралла бейсенбі күні – әскери басшы жерленетін күні мәлімдеме жасайды.

Тегеранда өлтірілген ХАМАС (АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым танылған) тобының саяси бюросының жетекшісі Исмаил Ханияның орнын 2017 жылға дейін осы қызметті атқарған Халед Машал басуы ықтимал. Бұл қызметте "шетте жүрген адам емес, Газа секторында тұратын адам отыруы керек" екені айтылғаннан кейін сол уақытта Машал Ханияға осы қызметті тапсырған еді. Машал өзге елдерде, негізінен Түркия мен Катарда тұрады.

Алайда былтыр Газа секторында соғыс басталғаннан кейін Хания Катарға қашқан.

Ливан мемлекеттік NNA агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні Израиль соққысынан кемінде алты адам қаза болған. Қаза болғандар арасында екі әйел және екі бала бар.

АҚШ мемлекеттік департаменті америкалықтарды "Хезболла" мен Израиль арасында жағдай ушығуына байланысты Ливанға бармауға кеңес берді.

XS
SM
MD
LG