Accessibility links

Херсон облысында жедел жәрдем көлігіне дрон соққы жасап, жүргізуші жараланған


27 шілдеде Украинаның Херсон облысында жедел жәрдем көлігіне дрон соққы жасап, жүргізуші жараланған. Бұл жөнінде аймақ билігі хабарлады. Олар оқиғаға Ресейді кінәлады.

42 жастағы жүргізуші ауруханаға түскен. Оның аяғы жарақаттанған.

Украина әуе күштерінің хабарлауынша, 27 шілдеге қараған түні Ресей Украинаға бір авиациялық ракета мен төрт дрон жіберген. Барлығы Днепропетровск, Киев, Полтава және Харьков облыстарында құлатылған.

Ресей Украинаға 2022 жылы 24 ақпанда басып кірген. БҰҰ мәліметінше, екі жыл ішінде Украинада ондаған мың бейбіт тұрғын опат болған, 20 мыңнан астам адам жараланған. БҰҰ сонымен бірге Ресей әскерінің түрлі қылмыстарын (дарға асу, адам ұрлау, азаптау, дөрекі қатынас, күштеп ұстау) құжатқа түсірген.

XS
SM
MD
LG