Ресей Украинаға басып кіргелі бері соғыста кемінде 61 009 ресейлік әскери қызметкер қаза болған. Олардың басым бөлігі – 12 238 адам – соғысқа тартылған тұтқындар. BBC-дің Орыс қызметі және "Медиазона" журналистерінің еріктілермен бірігіп жүргізген зерттеуінде осындай мәлімет айтылады.
Журналист-зерттеушілердің сөзінше, Украинада Ресей жағында соғысып жүргендер арасында кемінде 9532 ерікті, мобилизациямен соғысқа алынған 7663, 3725 офицер, әскери борышын өтеп жүрген 121 солдат опат болған. Қаза болғандардың көбі Башқұртстан, Краснодар өлкесі, Свердлов облысы мен Татарстаннан барған.
- Украина мен Ресей адам шығыны жөнінде ресми мәліметті өте сирек жариялайды. Украина президенті Владимир Зеленский 25 ақпан күнгі баспасөз жиынында Ресеймен соғыста 31 мың украин жауынгері опат болды деп мәлімдеген. Мәселе тек Украина әскері жөнінде болып отыр ма, әлде Украинаның қарулы күштеріне қарасты барлық күштік құрылымдар жөнінде болып отыр ма, ол жағы анық емес.
- Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу желтоқсанда Украина әскері қаза болғандар мен жараланғандарды қосқанда 383 мың адамынан айырылды деп мәлімдеген. Ал Мәскеу соғыс шығынын айтпайды. Зеленскийдің сөзінше, Ресей әскері жараланғандарды есептегенде 500 мың адамынан айырылған.
- Соғыс жағдайында тараптар өзінің шығынын азайтып көрсетіп, қарсылас жақтың шығынын ұлғайтып көрсетуге бейіл.