Ресей қорғаныс министрлігі ЧВК "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының бұрынғы он мың жалдамалы қызметкеріне соғыс ардагері куәлігін беруді мақұлдады. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Анна Цивилева хабарлады.
Оның сөзінше, "Отан қорғаушылар" қоры Ресей қорғаныс министрлігіне барлығы 25 мың құжат тапсырған. Құжат барлық жалдамалы қызметкерге куәлік беріле ме, жоқ па, ол жағын Цивилева нақтылаған жоқ.
ЧВК "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы мен оның негізін қалаушы Евгений Пригожин Ресей колониялары мен тергеу изоляторларындағы шамамен 50 мың тұтқынды Украинада Ресей жағында соғысуға көндіруге тырысқан. Украинаның Бахмут қаласында кемінде 20 мың жалдамалы қызметкер опат болған, басым бөлігі – тұтқындар.
2023 жылы Ресей қорғаныс министрлігі осыған ұқсас тәсілмен тұтқындарды "Шторм Z" жасағына тарта бастаған. 2024 жылы көктемде сондай бөлімдерде соғысқан адамдарды соғыс ардагері ретінде тану тоқтатылған.