Accessibility links

Ақ үй құпия қызметінің жетекшісі Кимберли Читл отставкаға кеткенін хабарлады


Кимберли Читл
Кимберли Читл

Бұрынғы президент Дональд Трампқа қастандықтың алдын ала алмағаны үшін сыналып, тексеріске ұшыраған АҚШ құпия қызметінің жетекшісі (USSS) Кимберли Читл қызметінен кетті. Бұл жөнінде сейсенбі күні Ақ үй хабарлады.

Reuters-тің жазуынша, бұрынғы және қазіргі лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігіне жауапты ведомство түсініктеме беру туралы өтінішке бірден жауап қатпаған.

13 шілдеде Пенсильваниядағы сайлауалды митинг кезінде Трамп жарақаттанғаннан кейін АҚШ құпия қызметіне сұрақтар туындаған. Қарулы қылмыскер саясаткерді митинг көрініп тұрған ғимараттың төбесінен атуы мүмкін еді.

22 шілдеде өкілдер палатасының қадағалау комитетінің жиыны кезінде демократиялық және республикалық партия өкілдері ведомствоны және оның жетекшісі Кимберли Читлды қатаң сынады. Читл Пенсильваниядағы митинг кезінде қандай қауіпсіздік шаралары қабылданғаны туралы сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Бірнеше конгресс өкілі Читлды отставкаға кетуге шақырды. Тыңдауға қатысушылар сонымен бірге "АҚШ құпия қызметінің жұмысын бұдан әрі қарай да қадағалауға" уәде берді. Тыңдау кезінде Кимберли Читл Трампқа қастандықты 1981 жылдан бергі ведомствоның ең ірі сәтсіздігі деп атап, жауапкершілікті мойнына алатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG