Accessibility links

Пхеньян Оңтүстік Кореяға қоқысқа толы шар ұшырды


Солтүстік Корея қоқыс салынған қаптар тиелген дрондарды оңтүстікке қарай тағы да ұшырды. Пхеньян мұндай жаңа тактиканы осыдан бірнеше ай бұрын қолдана бастаған. Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, содан бері Солтүстік Кореядан оңтүстікке бірнеше мың дрон мен шар қонған. Әуелгіде шарларда үгіт-насихат парақшалары бар деген ақпарат тараған, бірақ кейінірек Оңтүстік Корея басылымдары әлгіндей шарларға қоқыс, нәжіс пен өзге де қалдықтар салынған қаптар байланғанын хабарлады.

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс салынған қап байланған шарларды биыл мамыр айында жаппай ұшыра бастаған.

Оңтүстік Корея билігі шекара аймағында тұратын адамдарға сақ болуды ескертеді. Өз кезегінде Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның шекаралас аумақтарына дауыс зорайтқыштар арқылы хабар таратуды қайта бастады. Солтүстік Кореяның оңтүстіктегі шекара аудандарындағы жұрт Солтүстік Кореяның үгіт-насихат медиасына қайшы келетін жаңалықтар мен басқа да хабарларды ести алады.

Сеул бұл Пхеньянның "қоқыс шабуылына" жауап екенін айтты.

Пхеньян өзінің "қоқыс шабуылдарын" Оңтүстік Кореяның бұрынғы акцияларына қарымта шара деп жариялады. Ол жолы Оңтүстік Корея әуе шарларына Ким Чен Ын режимімен күресуге шақырған үндеуі бар парақшаларды, доллар банкноттарын, Солтүстік Кореяда тыйым салынған Оңтүстік Кореяда шыққан фильмдер мен поп-музыка жазылған флэш-карталарды шарға байлап жіберетін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG