20 шілдеде Атырауда бір үйдің екі ұл баласы Жайық өзеніне батып кетті. Оқыс оқиға күндіз сағат үш жарым кезінде, қаланың шеткері жағында болған.
Құтқарушылар 2011 жылы туған баланы сол күні сағат 19:30 шамасында 4,5 метр тереңдіктен тауып, судан шығарған. Ал 2010 жылғы баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Атырау облысында биылғы жылдың басынан бері 9 адам суға кетіп опат болған. Оның төртеуі – бала.
Былтыр 7 адам суға кеткен. Оның үшеуі – бала.
Биыл көктемде облыста су тасқынына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі әлі алынған жоқ. Облыстық төтенше жағдай қызметінің өкілдері Жайық өзені әлі де қауіпті екенін ескертеді.
"Су түбінде шұңқырлар, ағаш бұтақтары, өткір заттар мен тұрмыстық қоқыс-қалдықтар бар. Олар шомыламын деген адамдарға қауіпті", – дейді ТЖ қызметкерлері.
Судың мол келуіне байланысты Атырау облысында суға шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылған жоқ.
Әдетте Атырау облысында шомылу кезеңі жылда 15 маусымда басталатын.
ПІКІРЛЕР