Accessibility links

Ресей Украинаның темір жол және энергетика нысандарына шабуылдады


Украинаға шабуылдаған ресейлік тактикалық ракета.
Украинаға шабуылдаған ресейлік тактикалық ракета.

Ресей әскері 20 шілдеге қараған түні Украинаның алты аймағына ракета және дрондармен шабуылдады. Көлік және энергетика нысандары қирады, жедел жәрдем көлігі өртенді. Екі адам қаза болғаны хабарланды.

Украинаның әуе күштері Харьков, Полтава, Сумы, Чернигов, Киев облыстарына шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, Ресей әскері төрт "Искандер" жедел тактикалық ракетасымен соққы жасаған. Одан бөлек, Украина жағына 17 дрон жөнелткен. 13-і атып түсірілген.

Харьков облысының Барвенково қаласы ракета шабуылына ұшырады. Аймақ полициясының жетекшісі Владимир Тимошконың сөзінше, екі адам қаза болған, үш адам жараланған. 50 үй, әкімшілік ғимараты, шаруашылық нысаны, көлік бүлінген.

Аймақтағы темір жолға да шабуыл жасалып, төрт адам зардап шеккен, ғимараттар мен вагон желілері бүлінген. Бұл жөнінде "Укрзалізниція" компаниясы хабарлады. Киев және Харьков арасындағы жолаушылар пойызы бөгелген. Полтава облысында түнгі атқылаудан кейін 16 елді мекен жарықсыз қалған, онда шамамен 3,8 мың адам тұрады деп хабарлады жергілікті билік.

"Украинская правда" газетінің жазуынша, Херсондға да дрон шабуылы жасалып, облыстық клиникалық аурухана маңында тұрған эвакуациялық көлік өртенген. Әкімшілік ғимаратқа соққы жасалып, 105 тұрғын үй бүлінген.

XS
SM
MD
LG