Accessibility links

Шольц ресейлік ракеталарды атып түсіруді өтінген Зеленскийдің өтінішін кері қақты


Германия канцлері Олаф Шольц
Германия канцлері Олаф Шольц

Германия канцлері Олаф Шольц батыстағы одақтастарынан Украинаны соққылаған ресейлік ракеталар мен дрондарды атып түсіруді өтінген Украина басшысы Владимир Зеленскийдің өтінішін кері қақты. Бұл жөнінде 18 шілдеде кешке dpa агенттігі хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, Олаф Шольц Украинаға неміс қаруымен Ресей аумағына соққы жасауға да кезекті рет рұқсат бермеген.

Еуропалық саяси қауымдастық саммитінен кейін өткен баспасөз жиынында Германия үкіметінің жетекшісі Украина басшысының өтінішін орындай алмайтынын білдірді.

Еуропалық саяси қауымдастықтың саммитінде сөз сөйлеген Владимир Зеленский Киевтің одақтастарын Ресей басқыншылығына төтеп беру үшін Украинаны көбірек қолдауға шақырды. Зеленский сәуір айында Иран 300-ден астам ракета және дронмен Израильге шабуылдағанда АҚШ, Ұлыбритания және Францияның әуе қорғаныс күштері мен ұшақтары оларды атып түсіргенін де еске салды.

Украина 2022 жылдың басында НАТО елдерін Украинада ұшуға тыйым салынған аймақ құруға шақырған. Әскери одақ одан бас тартып, Украина әскерін әуе қорғаныс құралдарымен жабдықтауға ғана уәде берген.

XS
SM
MD
LG