Accessibility links

Ресей мен Украина "95 те 95" формуласы бойынша тұтқын алмасты


Тұтқыннан босап шыққан украин әскери қызметкерлері, 17 шілде 2024 жыл.
Тұтқыннан босап шыққан украин әскери қызметкерлері, 17 шілде 2024 жыл.

Ресей мен Украина "95 те 95" формуласы бойынша тұтқын алмасты. Біріккен Араб Әмірліктері ара ағайын болды. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ресейлік ведомствоның хабарлауынша, босатылған әскери қызметкерлер әуе-ғарыш күштерінің ұшағымен Мәскеуге жеткізілмек.

Екі жақтың тұтқын алмасқанын Украина президенті Владимир Зеленский де растады. "Өз адамдарымызды қайтаруды жалғастырып жатырмыз. Тағы 95 қорғаушымыз [оралды]" деп жазды Зеленский телеграм-арнасында.

Ресейде тұтқында болған украиндардың елге оралғаны туралы видеоны Украина Жоғарғы радасының адам құқығы жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец жариялады. Украина қарулы күштерінің қызметкерлері, ұлттық гвардия өкілдері мен шекарашылар еліне оралды.

Мәскеу мен Киев БАӘ-ның ара ағайындығымен тұтқын алмасатынын Bloomberg жазған. Өткен аптада Жоғарғы раданың адам құқығы жөніндегі уәкілі үкімет жуырда "ірі" алмасуды жоспарлап отырғанын айтқан.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері екі жақ бірнеше рет тұтқын алмасты. Соңғы рет маусым айында екі жақ БАӘ көмегімен бір-біріне 90 тұтқынды тапсырған.

Биыл осындай алмасу нәтижесінде шамамен 1.5 мың адам еліне оралған.

XS
SM
MD
LG