Accessibility links

Нобель лауреаттары Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды


Ресей әскері соққы жасаған Киевтегі балалар ауруханасы шабуылдан кейін.
Ресей әскері соққы жасаған Киевтегі балалар ауруханасы шабуылдан кейін.

Елуден астам Нобель сыйлығының лауреаты Украина және Газа секторындағы соғысты тоқтатуға шақырды. Мәлімдеме қақтығыс тараптарына, Рим папасына, Константинополь патриархына, Далай-лама, БҰҰ, Еуропарламент, Еуропаның парламенттік кеңесіне бағытталған. Құжатты "Новая газета" жариялады.

Соғысты тоқтатудан бөлек, мәлімдеме авторлары тұтқын алмасып, кепілдікке алынған адамдарды босатуды, қаза болған мәйіттерді қайтарып, бейбіт келіссөзді бастауға үндеді.

Мәлімдеме авторларының жазуынша, әлемде кемінде 55 қарулы қақтығыс жалғасып жатыр, Ресейдің Украинаға қарсы соғысының салдарынан Африкада аштық жағдайы ушыққан. Нобель лауреаттарының сөзінше, қаруға жұмсалып жатқан шығын көлемі әлемдегі аштықты 80 жылға тоқтатуға жетер еді.

Хатта сонымен бірге Еуропа орталығындағы соғыста қаза болғандар мен жараланғандар саны Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет миллион адамнан асқаны жазылған.

"Балаларымыздың бізден ұзағырақ өмір сүруіне мүмкіндік беріңіздер. Бір-бірімізді өлтіргенді доғарайық, планетаны құтқарайық... Егер саясаткерлер келісе алмаса, онда мәселенің шешімін болашақ буынға қалдырып, атысты тоқтатсын" деп жазылған мәлімдемеде.

Хатқа қол қойғандар арасында 2021 жылы Нобельдің Бейбітшілік сыйлығын алған, "Новая газета" басылымының бұрынғы редакторы Дмитрий Муратов пен белорус жазушысы Светлана Алексиевич бар.

XS
SM
MD
LG